​Бельгияда Қазақстанның Құрметті консулы жұмысқа кірісті

БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 5 ақпан – Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Айгүл Құспан Бельгия азаматы Джозеф Лебонға Қазақстанның Фландриядағы Құрметті консулының экзекватурасын және патентін тапсырды.

Қазақстанның жаңа Құрметті консулы Бельгияда ірі брокерлік компаниялардың ішінен екінші орынды иеленетін «Allia Insurance Brokers NV» компаниясының атқарушы директоры, сондай-ақ «Insurance Investments Holding» және «Opex Group Holding» компанияларының директоры болып табылады.

А. Құспан сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың маңызды құралы ретінде болатын Құрметті консулдар институтының маңыздылығын атап өтті.

Дж. Лебон Қазақстан мен Бельгия басшылығы өзіне көрсетілген зор сенімге ризашылығын айта отырып, Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынын білдірді.

Қазақстанның Құрметті консулымен бірге Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру бойынша жоспарлар белгіленді.

Қосылған : 5.02.2019, 17:45, Өзгертілген : 5.02.2019, 17:45