Берлинде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты қабылдау мен концерт өтті

13 желтоқсанда Берлинде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Қазақстанның Германиядағы Елшілігі ұйымдастырған дәстүрлі ресми қабылдау мен концерттік бағдарлама өтті.

Салтанаты шараға Германия үкіметінің басқарушы құрамы, Бундестаг пен жер ландтагтары депутаттары, Берлинде аккредиттелген дипломатиялық миссия басшылары мен халықаралық ұйымдар, Германияның іскер топ өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, алдыңғы қатарлы неміс саясаткерлері мен жетекші БАҚ журналистері, қазақстандық диаспора өкілдері мен қазақстандық студенттер қатысты.

Қабылдаудың ашылуында Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, атап айтқанда динамикалық экономика, тұрақты саяси жүйе құру және әлеуметтік қорғаудың тиімді тетіктерін

«Бүгінде біздің еліміз халықаралық қауымдастықтың сенімді мүшесі, жаһандық антиядролық қозғалыстың жақтаушысы, әлемдік нарықтардың ашықтығы және жаһандық және өңірлік деңгейде интеграциялық үдерістер», - деп атап өтті Елші.

Б. Нүсіпов «экономикалық дипломатия» міндеттері туралы айта отырып, Қазақстанға шетелдік инвестицияларға, оның ішінде Германиядан 300 миллиард долларға жуық инвестиция тартқан қолайлы инвестициялық климат туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Германия қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторындағы қаражаттың 90%-ын инвестициялайды. Қазақстанның «Doing Business» Дүниежүзілік банкі рейтингісінде 28-орын алғандығына, сондай-ақ«Астана» халықаралық қаржы орталығының, Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының қызметіне назар аударды.

«Қазақстан Президентінің «Үлкен Еуразияның» біртұтас экономикалық кеңістігін құру идеясы жаңа мәнге ие болуда. Жібек жолының экономикалық белдеуі Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропалық Одақ тұғырнамаларын өркендеудің біртұтас өңірлік аумағына ұтымды түрде тоғыстыра алады», - деді Б. Нүсіпов.

Ол сондай-ақ Астанада Президенттің жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Ресей, Қытай, Еуроодақ және АҚШ басшыларының саммитін ұйымдастыру идеясы туралы айтты.

Өз сөзінде ол «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасының негізгі ережелерін және Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында баяндалған бастамаларын толық баяндап берді.

Екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне тоқтала отырып, Б.Нүсіпов Қазақстан нарығында неміс капиталы бар 900-ден астам компания мен банктердің қызметін оң бағалады. Ол кәсіпкерлерді соңғы төрт жылда Қазақстан мен Германия сомасы 2 млрд еуродан астам 20 келісімшартқа қол қойғандығын ескере отырып, біздің еліміздегі ГРГ инвестицияларының деңгейін арттыруға шақырды.

Германия Федералды үкіметінің атынан Германия СІМ-нің Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша бөлімінің басшысы Михаэль Зиберт сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан азаматтарын Тәуелсіздік Күнімен құттықтап, елімізге тұрақты даму жолында табыс тіледі.

Дина Нұрпейісова атындағы халық музыка Академиясының шығармашылық ұжымы орындаған атақты отандық және шетелдік композициялар кеш қонақтарының көңілінен шықты. Концертті Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің көмегімен Атырау обылысының Әкімдігі ұйымдастырды.

Сондай-ақ қабылдау аясында «Астананың 20 жылдығы» фотокөрмесі дайындалып, Қазақстанның астанасының архитектуралық көрнекі орындарымен, тарихы және табиғатымен таныстыратын фотокөрме дайындалды.

Қосылған : 13.12.2018, 21:00, Өзгертілген : 13.12.2018, 21:00