Брюссельде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көліктік, транзиттік және энергетикалық хаб ретіндегі рөлі талқыланды

2018 жылы 29 қазанда Брюссельде Берлин Еуразиялық Клубының «Жаңа жібек жолы: Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көліктік, транзиттік және энергетикалық хаб» атты тақырыбы бойынша 24-ші отырысы өтті.

Қазақстандық тараптан іс-шараға Германиядағы Қазақстанның Елшісі Болат Нүсіпов, Бельгия Корольдігіндегі Казақстан Елшісі Айгүл Құспан, «Қазақинвест» ҰҚ, «Қазмұнайгаз» АҚ және «KTZ Express» АҚ өкілдері баяндама жасады. Неміс тарапынан Герман Экономикасының Шығыс комитетінің Басқарма директоры Михаэль Хармс, Еуропалық сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бойынша департамент басшысы Борис Ярошевич, «Rödl & Partner KASACHSTAN», «Schaeffler Group», «Kuehne + Nagel», «Schneider Group» компанияларының басшылығы, Каспий аймағын зерттеу бойынша неміс Орталығының сарапшысы Матиас Дорнфельд қатысты.

Жалпы іс-шараға 50-ден астам неміс және еуропалық экономикалық, қаржы және ғылыми ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Б. Нүсіпов өз сөзінде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты қазан айындағы Жолдауының ережелеріне назар аудара отырып, жолдау Қазақстанды Еуразиядағы маңызды энергетикалық және көлік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыру үшін практикалық мүмкіндіктер туғызады.

Бұдан басқа, 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру туралы айтылып өтілді, оның арқасында Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіндегі біздің еліміздің рөлі артып келеді. Осы тұрғыда Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың негізгі аспектілері көрсетілді, бұл Еуропа мен Азия арасындағы Жібек жолын жаңғыртуға ықпал етті.

А. Құспан форумның қатысушыларын Мемлекет басшысының Еуропалық Одақтың астанасына жасаған қазан айындағы сапарының қорытындыларымен таныстырды, бұл сапар Қазақстан-еуропалық қарым-қатынастарға едәуір серпін берді. Қазақстандық дипломаттың айтуынша, Қазақстан Президентінің еуропалық және азиялық елдердің басшыларымен, еуропалық бизнестің капитандарымен өткізген кездесулері, ҚР-дің шетелдік және еуропалық серіктестермен экономикалық ынтымақтастықтың динамикасын сөзсіз арттырады. Сонымен қатар, Қазақстанның Елшісі Нұрсұлтан Назарбаев 12-ші Азия-Еуропа Форумы (АСЕМ) саммиті барысында сөйлеген сөзінде атап кеткен бастамаларға ерекше назар аударды.

Б.Ярошевич Президент Н.Назарбаевтың Брюссельге жасаған сапардың және Еуропалық комиссияның президенті Жан-Клод Юнкермен өткен кездесуі нәтижелеріне жоғары баға берді. Еуропалық дипломат Қазақстанның Орталық Азия елдері үшін жаңартылған ЕО стратегиясын әзірлеуге белсенді қатысқандығына назар аударды, онда әрбір жеке елдің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке тәсіл енгізілетін болады. Бұдан басқа, ол Қазақстанның қазіргі таңда сәтті түрде жүзеге асырылып келе жатқан Кеңейтілген серіктестік туралы келісім жасасқан өңірдегі жалғыз ел екенін атап өтті.

Михаель Хармс Германия Еуропалық Одақ шеңберінде Қазақстанның негізгі әріптесі, ал ГФР-мен ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттары шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық әріптестік, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, дуалды білім беру жүйені дамыту және ақпараттандыру болып табылатынын атап өтті. Неміс жағы өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақ, Жібек жолы экономикалық белдеуін және Еуропалық одақты «Үлкен Еуразия» атты бірыңғай интеграциялық жобаға біріктіру туралы стратегиялық идеясын қолдады. Осы тұрғыда М.Хармстың айтуынша, Герман экономикасының Шығыс комитеті Қазақстан басшылығының идеясын жүзеге асыру үшін Қазақстанмен белсенді ынтымақтасады.

Қатысушылар логистика және энергетика саласындағы екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалының артып келе жатқандығы аясында «Белбеу және жол» халықаралық жобасы шеңберінде неміс тарапы Қазақстанның континенттік көлік артерияларының негізгі түйіні ретінде транзиттік әлеуетін жоғары бағалады.

Анықтама: БЕК еуропалық және азиялық мәдениеттері арасында сарапшылық сұхбатты нығайтуға бағытталған Қазақстанның Еуропадағы бірінші жобасы болып табылады. ГФР-дағы ҚР Елшілігі және Герман Экономикасының Шығыс комитеті (жаһандық экономика салада өзекті халықаралық мәселелермен айналысатын елдегі алдыңғы қатарлы экономикалық ұйым) БЕК-тің хатшылық қызметін атқарады. Берлин Еуроазиялық Клубының салтанатты ашылуы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен 2012 ж. 7 ақпанда өтті.

Қосылған : 29.10.2018, 20:00, Өзгертілген : 29.10.2018, 20:00