Душанбеде Қаныш Сәтбаевтың 120-жылдығы құрметіне академиктің ескерткіш мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

ДУШАНБЕ, 2019 жылғы 12 сәуір - Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының Геология институтында Тәжікстан Ғылым академиясының тұңғыш шетелдік құрметті мүшесі, тәжік Ғылым академиясының қызметін ұйымдастыруға, Орталық Азияда геологиялық ғылымға айрықша үлесін қосқан қазақстандық ұлы ғалым, Академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің қызметкерлері, ТР Ғылым академиясының, Геология институтының басшылығы, ғылыми қоғамдастық, жергілікті БАҚ, ТР-дегі «Бәйтерек» қазақтар қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Академик Қ.Сәтбаевтың ғылыми және қоғамдық еңбек жолы, Тәжікстандағы қызметінің жоғары рөлі туралы атап өтіп, қазіргі уақытта екі ел ғалымдарының ғылым саласындағы тығыз байланыстарды одан әрі дамытуды қолдайтынын атап өтті.

Қосылған : 12.04.2019, 10:00, Өзгертілген : 12.04.2019, 10:10