Жеңіс күні Нидерландтың Амерсфорт қаласындағы даңқ ескерткішінде кеңес солдаттарын еске алу рәсімі болып өтті

9 мамыр Жеңіс күні бұрынғы Амерсфорт әскери лагерінің аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нидерландта қаза тапқан кеңес солдаттарына арналған даңқ ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі болып өтті.

«Кеңестік даңқ алаңы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өткен шараға АҚШ, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Қазақстан, Канада, Өзбекстан, Ресей, Нидерландтың СІМ мен Қорғаныс министрлігі өкілдері, Амерсфорт, Леусден қалаларының мэрлары қатысты.

Қоғамдық қордың өкілдері Амерсфорт лагері аумағында атылу жазасына кесіліп, қаза тапқандар арасында 9 қазақстандық солдаттың барын, алайда жерленгендер туралы нақты ақпараттың жоқтығын мәлімдеді.

Дәстүр бойынша шара барысында қаза болғандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі болып өткеннен соң, Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшілігінің өкілдері ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Амерсфорттағы даңқ алаңында барлығы 865 кеңес солдаттары жерленген, зират құлпытасының көбі есімсіз болғанымен, келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін құрбан болғандардың әрқайсысы әрқашанда жадымызда.

Қосылған : 9.05.2019, 18:00, Өзгертілген : 9.05.2019, 18:00