Гаагада Қазақстан мен Нидерланд Парламенті өкілдерінің кездесуі өтті

ГААГА, 2019 жылғы 4 ақпан - Астанада 2019 жылы қыркүйекте өтетін 4-ші Еуразия Парламенттері спикерлерінің кеңесінің дайындық шаралары аясында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы М.Ерманның Нидерланд Корольдігінің Сенат президенті А.Брукерс-Кнолмен және Парламенттің Өкілдіктер палатасының Халықаралық істер жөніндегі Комитетінің Төрағасы П. Дейкстрамен кездесуі өтті. Кездесу барысында голландтық парламенттің қос палатасының басшыларына Астанада жоспарланған парламенттік шараға шақыру табыс етілді .

Голланд жағы Қазақстан тарапының Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізу бастамаларын және Астана келіссөздері аясындағы Қазақстанның Сирия мәселесін реттеуге қосқан үлесін ерекше атап өтіп, алдағы шара Еуропа мен Азия парламенттері ынтымақтастығы мен өзара диалогын нығайтуға және ілгерілетуге зор ықпалын тигізеді деп мәлімдеді.

Қазақстан жағы өз кезегінде 2019 жылы Орталық Азия мен Еуропалық Одақ стратегиясының жаңартылуы мен ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің ратификациялануының аяқталуы – Еуропалық Одақ елдері мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жоғарғы дәрежесін көрсетіп, арадағы қарым-қатынасты стратегиялық серіктестіктіңжаңа деңгейіне көтереді деп мәлімдеді.

Кездесу барысында екіжақты Қазақстандық – Нидерландтық қарым-қатынас талқыланды. Нидерландтың Қазақстанның бірінші саптағы инвесторы және Еуропалық Одақ елдері арасындағы екінші сауда серіктесі екені ескеріліп, екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси қарым-қатынас пен сауда-экономикалық байланыстар аталып өтті.

Қосылған : 5.02.2019, 09:00, Өзгертілген : 5.02.2019, 09:00