Қазақстан Елшілігі Иерусалим маңындағы Назарбаев саябағында ағаштар отырғызды

Саябақ 2000 жылы сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Израильге ресми сапары аясында Бейт-Шемеш қаласының маңында ТМД еврейлер қауымдастығы федерациясымен отырғызылды. Ол Израиль халқының Н.Назарбаевтың екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін мойындауын білдіреді.

Жалпы Израильде достастық елдер президенттерінің құрметіне аталған алты жасыл желек бар. Н. Назарбаев атындағы саябақ Израиль Президентінің құрметіне отырғызылған орманның ішінде орналасқан. Еврей ұлттық қорының департамент директоры Игаль Ясиновтың айтуынша, Қазақстан Президенті мемлекеттің ортасында орналасқан дәл осы орманда оның атымен аталған саябақ бар жалғыз шет мемлекеттің басшысы болып табылады.

«Бұл ерекше деңгейдегі құрметті білдіреді, мұндайды басқа ешкім алмаған», - деп толықтырды И. Ясинов.

Н. Назарбаев атындағы саябақта айлауық, қарағай, жаңғақ, емен және басқа да ағаштар өсіріледі. Айта кету керек, осы орман орналасқан жер 50-жылдардың ортасына дейін шөлді жер болатын, бұл жердегі әрбір ағаш қолмен отырғызылған.

Қазақстан Президентімен қатар бұл саябаққа өз ағаштарын ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов, ҚР Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев, Қазақстан халық Ассамблеясының делегациясы және түрлі жылдардағы қазақстандық дипломаттар мен елшілік қызметкерлері отырғызған.

Қосылған : 30.11.2018, 22:25, Өзгертілген : 30.11.2018, 22:25