Молдовада Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырылды

2019 жылғы 1 тамызда Қазақстанның Кишинев қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Қазақстанның инвестициялық және экономикалық әлеуеті тақырыбындағы «дөңгелек үстел» өткізілді.

Бас консул Ержан Мұқашев қатысушылардың назарына Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы, сондай-ақ мемлекеттің шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпаратты жеткізді. Бұл тұрғыда ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ арасындағы өзара іс-қимыл тетіктеріне, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметіне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Молдова ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ екі елдің экономикалық агенттері арасында тікелей байланыс орнату жөніндегі шаралар қоса талқыланды. 

Іс-шарада МР Экономика және инфрақұрылым министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Т.Черкез, МР Инвестициялар агенттігінің бөлім бастығы О.Добрева, «Экономикалық шолу Logos Press» газетінің редакторы Д.Калак және т.б. баяндамалар жасады.

Іс-шараға Молдова Республикасының Экономика және инфрақұрылым министрлігі, Инвестициялар жөніндегі агенттігі, дипломатиялық корпустың және БАҚ өкілдері қатысты.

Қосылған : 1.08.2019, 13:00, Өзгертілген : 1.08.2019, 13:00