Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін мерекеледі

АСТАНА, 2018 жылғы 30 қараша - Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі Қазақстанның елшіліктері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін ағартушылық іс-шаралармен атап өтті. Біздің елімізді әлемнің түкпір-түкпірінде танытатын дипломаттар Мемлекет басшысының бейбітшілікті қолдау жөніндегі бастамаларын және оның халықаралық аудиторияға арналған бағдарламалық құжаттарын атап өтті, біздің еліміздегі жаңғырту үдерістерінің және инвестициялық мүмкіндіктерінің мәні мен сипаты туралы әңгімеледі.

«31 желтоқсанда біздің еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігін лайықты деңгейде аяқтайды. Дегенмен, Қазақстан өз қауіпсіздігін, айналасындағы аймақтардағы тұрақтылықты, тұрақты экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған белсенді сыртқы саясатты жалғастырады. Мемлекет басшысының жетекші елдер мен саяси көшбасшылардың арасындағы сенімді қалпына келтіруге бағытталған жаңа ауқымды бастамаларды тиісті түрде іске асыру қажет, сондай-ақ олардың өзара түсінушілігі арқасында қазіргі заманның көптеген өзекті мәселелердің шешілуі және халықтардың қауіпсіздігі байланысты. Бұл Қазақстанның және әлемдік қауымдастықтың мүдделеріне сәйкес келеді», - деді сыртқы саяси ведомство қызметкерлерінің Астанадағы салтанатты жиналысында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Мерекеге байланысты Сыртқы істер министрлігінде дипломатиялық қызмет ардагерлері марапатталды, оның ішінде тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының негізін қалаған және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатын жүзеге асыруға тікелей қатысы бар қазіргі таңда қызмет атқарып келе жатқан және зейнеткерлік демалыстағы төтенше және өкілетті елшілер бар.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрі Президенттің шетелге сапарларын, шетелдік көшбасшылардың Қазақстанға сапарларын ұйымдастырған кезде, шетелдердегі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және экономикалық дипломатияны насихаттағаны үшін ерекшеленген жас дипломаттарға алғыс хаттар табыс етті.

Министр әсіресе Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Ақтау конвенциясын қабылдауға, Орталық Азия басшыларының алғашқы жұмыс консультативтік кеңесін, Арал теңізін сақтау жөніндегі Халықаралық қор мен Түркі кеңесі саммитін өткізуге, Ресей және Қытаймен әріптестікті одан әрі нығайтуға, Қазақстан-АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестігіне қол жеткізуге, Сирия бойынша Астана процесінің шеңберіндегі жемісті келіссөздерге және осы жылдың көптеген басқа оқиғаларына өз үлесін қосқан қызметкерлерге ерекше алғысын білдірді.

Қосылған : 1.12.2018, 14:20, Өзгертілген : 1.12.2018, 14:20