СІМ-де Қазақстанның «Шеврон» корпорациясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

АСТАНА, 2019 жылғы 17 қаңтар - ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов америкалық «Шеврон» корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің жаңа Басқарушы директоры Джон Балтцпен кездесті.

Кездесу барысында «Шеврон» компаниясымен серіктестік қарым-қатынасты жоғары бағаланды. «Теңізшевройл» Бірлескен кәсіпорынның Қазақстан экономикасына 36,8 млрд. АҚШ долларын инвестициялау туралы шешімі елдің іскерлік әріпестерінің Қазақстанның инвестициялық климатына сенімділігін одан әрі нығайтуға септігін тигізеді.

Еліміздің сыртқы саясатын экономизациялау аясында «Шеврон» компаниясы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан экономикасына америкалық және шетелдік инвестициялар мен алдыңғы қатарлы технологияларды тартуға бағытталған күш-жігеріне қолдау білдірді. Тараптар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтарында АҚШ-қа жасаған табысты сапары айтарлықтай серпін берген Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму динамикасына оң баға берді.

Қосылған : 17.01.2019, 19:00, Өзгертілген : 17.01.2019, 19:00