Парижде Қазақстан Тәуелсіздігінің 27-жылдығын салтанатты түрде атап өтілді

12 желтоқсанда Парижде Франциядағы Қазақстан Елшілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізілді.

Іс-шараға жоғары қызметтегі француз өкілдері келді, соның ішінде сенатор, «Франция-Орталық Азия» достық тобының төрайымы Натали Гуле, Ұлттық Ассамблея депутаты, «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Пьер Кабаре.

Шамамен 400 адамды біріктірген қабылдау қонақтарының арасында Еуропа және сыртқы істер министрлігінің, Францияның басқа да мемлекеттік органдарының, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, академиялық орталар, Қазақстанда жұмыс жасайтын ірі француз компанияларының басшылары болды, соның ішінде «Vicat», «Air Liquide», «Thales Alenia Space», «Total», «Leroy Merlin», «Idemia», «Société générale», сонымен қатар ауыл шаруашылық, мал шаруашылық және өсімдік шаруашылығы саласындағы өндірістік бірлестіктер болды. Қонақтардың ішінде тек парижандықтар ғана емес, сондай-ақ басқа қалалардың да өкілдері болды, солардың қатарында Франция - Тулуза, Канны, Лион, Страсбург, Ренн, Клермон-Ферран, Фонтенбло, олар Қазақстанға деген құрметін білдіру үшін арнайы келген. Дәстүрлі түрде ҚР Тәуелсіздік Күніне орай тойлауларға қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық бірлестіктер мен студенттік қауымдастықтар қатысады.

Өзінің алғы сөзінде Франциядағы Қазақстан Елшісі Жан Ғалиев еліміздің қазіргі кезеңдегі дамуы туралы айтты, мемлекетпен өткізілетін сапалы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың нәтижелері туралы, және де Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарда айтылан Қазақстанның басымдықтары туралы белгілеп кетті. Астананың негізгі сыртқы саяси бастамаларына ерекше назар аударылды. Екіжақты ынтымақтастық шеңберіндегі өтіп жатқан жылды қорытындылай келе, қазақстандық дипломат стратегиялық серіктестік аясындағы басты жетістіктерді белгіледі, оның 10 жылдығын Астана және Париж 2018 жылдың маусымында атап өтті. Елші Қазақстан мен Франция арасындағы басым салалардағы экономикалық байланыстарының оң қарқынын қанағаттанушылықпен белгілеп өтті. «Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық алаңда аса қарқынды дамып келе жатқан жас мемлекеттердің бірі ретінде бекітілді. Санкциялық қарсы тұрушылықтар мен сауда қырқысымен қамтылған тұрақсыз әлемдік экономикалық жағдаяттарға қарамастан, біз экономикамыздың тұрақты өсуін сақтай алдық. 2018 ж. қорытындылары бойынша елдің ЖІӨ 4% деңгейінде күтілуде. Өсудің негізгі драйверлері сауда, өнеркәсіп, көлік саласы, құрылыс, қызмет көрсетулер және ауыл шаруашылығы», - деп дипөкілдік белгіледі.

Халықаралық алаңдағы өзара әрекеттесу мәнмәтінінде Ж.Галиев аудиторияның назарын БҰҰ және оның Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы Қазақстан мен Францияның, өзге өңірлік және халықаралық ұйымдардың нәтижелі ынтымақтастығына аударды.

Сенатор Н. Гуле өз сөзінде Франция Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі деп белгіледі. «Біз мемлекетіңіздің дамуының куәсі болғанымызға қуаныштымыз және екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта өсуіне өз үлесімізді қосуға дайынбыз, сонымен бірге парламенттік дипломатия және орталықсыздандырылған серіктестік шеңберінде», - деп Ұлттық Ассамблея Депутаты П. Кабаре айтып өтті, сонымен қатар ол қазақстандықтарды мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Франция 27 жыл бойы барлық өзекті бағыттарда сенімді серіктес болып қалуды жалғастыруда. «Орталық Азиядағы тұрақтылықтың тірегі болып табылатын нәтижелі парламентаралық ынтымақтастыққа бейілміз. Парламентаралық диалог алда өзара қарым-қатынастардың әрі қарай қалыптасып, дамуы үшін сенімді іргетас болып қызмет атқарады деп үміттенеміз», - деп мәлімдеді достық тобының төрағасы. Іс шараға ұлттық айқын көріністі музыкант және композитор Ғазизхан Шекербековтің өнері және қазақстандық дизайнерлер Айдархан Қалиев пен Қайролла Әбішевтің дәстүрлі заманауи киімдер топтамасының көрсетілімі берді.

Кеш барысында Астана мен Алматының өзіндік сәулеттік мұрасынан әсер алған француздық фотограф Жиль Кампэн Қазақстанда жасалған өз суреттер экспозициясын ұсынды.

Қосылған : 13.12.2018, 17:00, Өзгертілген : 13.12.2018, 17:00