Ресейде Қазақстан Мәдениет күндері өтті

Мәскеу қаласында қыркүйектің 7 мен 11 аралығында Қазақстан Мәдениет күндері өтті.

Салтанатты бағдарлама Мәскеудің Қала күнінде бастау алды. 7 қыркүйекте ВДНХ-ның бас символы "Халықтар достығы" фонтаны жанында құрылған сахна төрін қазақ өнерпаздары иеленді. Бірнеше сағат бойы созылған концертте Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтары отандық тарландардың өнеріне тәнті болды.    

Кеш басында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Ресей Федерациясының Мәдениет министрінің орныбасары Павел Степанов сөз сөйледі.

Алғы сөзден кейін, концерт "Ел салтанаты" атты вокалды-хореографиялық композициямен ашылды. Оны орындаған Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл Қосанова мен халықаралық байқаулардың лауреаты Сержан Мусаин Мемелекеттік "Астана Опера" опера және балет театрының хор және балет труппасының сүйемелдеуімен шырқалды. Бұл көрнекті театрландырылған көрініс барлық халықтарға сөзсіз-ақ қазақ халқының бай тарихын сипаттайды.

Келесі "Соловьи Великой Степи" атты композицияны Қазақстан және Ресей елдеріне кең танылған опералық әнші Салтанат Ахметова және Айзада Капонова мен Анастасия Кожухарова триосы шырқады. Концерттік бағдарламаны "Астана Опера" балет труппасы жалғастырды. Олар Ахмет Жұбановтың "Абай" операсының үзіндісі "Қарлығаш" атты композицияны көрермендерге паш етті.

Бұл күні, Мәскеулік көрермендер классикалық өнермен қатар Қазақстанның заманауи эстрада орындаушыларын да тындай алды. Украиналық "Голос. Діти" жобасының жеңімпазы Данелия Тулешова француз тіліндегі "Jevoux" атты әндерін жиналған қауымға тарту етті. 

Көрермендерге тосын сый, ол Ержан Максимнің "Синяя вечность" атты Муслим Магомаевтың репертуарындағы ән орындауы болды. Ал, Байғали Серкебаевтің продюсерлік жобасы "The Jigits" тобы қазақ және орыс тілінде түрлі әндер орындады. 

Тағы да бір керемет орындаушы – Динайя, мәскеулік өнер сүйер қауымға өз дарынын "The Jigits" тобымен бірге дуэт құрып, "Дорогие мои москвичи" атты әнімен, ал халықаралық конкурстардың лауреаттары "ElDivas"  "Голос" әнімен мойындатты.

Концерттің ерекше номері ҚСРО халық әртісі Әлібек Днішевтің Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындауы болды.

Ал 8 қыркүйектен бастап Третьяковская галерея және Иллюзион кинозалдарында отандық фильмдер көрсетілімі өтті. Қазақ киносы күндерін режиссер Рүстем Абдрашев өзінің "Қазақ хандығы. Алтын тақ" киносымен ашты. Оған қоса, бағдарламада: "Әміре", "Махаббат туралы дастан", "Алдар Көсе және "28 панфиловцев" секілді фильмдер көрсетілді.

Қазақстан Мәдениет күндері 11 қыркүйек күні аяқталды. Осы күні Чайковский атындағы Консерваторияның кіші залында пианист Амир Тебенихин және Мемлекеттік трио "Forte Тrio" қазақ композиторы Нағым Меңдіғалиевтың тамаша "Домбыра туралы аңыз" және Ференц Листтің "Саната си-минор" атты композицияларын орындады. "Forte Trio" өз кезегінде тыңдармандарға Астор Пьяцоланың "Буэнос-Айрестегі төрт жыл мезгілі" мен Арман Жайымның "Көрұғлы" шығармаларын ұсынды.

Қосылған : 12.09.2019, 08:50, Өзгертілген : 12.09.2019, 13:50