Самарада Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

САМАРА - 2019 жылғы 8-12 шілдеде Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлескен демаркациялық комиссиясының 96-шы отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітіп, сондай-ақ далалық демаркациялық және камералдық жұмыстар жөнінде бірқатар мәселелерді келістірді.

Келіссөздер екі мемлекеттің қарым-қатынасы үшін дәстүрлі достық әрі сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2019 жылдың тамызында Қазақстан Республикасында өтеді.

Қосылған : 12.07.2019, 18:00, Өзгертілген : 12.07.2019, 18:00