БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Конго Демократиялық Республикасындағы жағдайы бойынша отырыс өтті

НЬЮ-ЙОРК, 2018 жылғы 9 қаңтар - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның төрағалығымен Конго Демократиялық Республикасындағы жағдайы бойынша брифинг және консультациялар өтті.

Африка құрлығында орналасқан елде сонғы жиырма жыл аралығында әртүрлі қарқындылықпен қарулы қақтығыстар жалғасуда. Оларды реттеуге жәрдемдесу үшін Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес БҰҰ тұрақтандыру миссиясы әзірленді.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері Касаи аймағында және елдің шығысында қарулы топтардың әрекеті нәтижесінде туындаған гуманитарлық жағдайдың нашарлауына және қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдірді. БҰҰ Бас хатшысының Бітімгерлік операциялар жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа арнайы баяндама жасады.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Конго Демократиялық Республикасы басшылығының елдегі жағдайға қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын ұстану маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жағдайды тез арада тұрақтандыру үшін барлық мүдделі тараптарды конструктивті диалогқа және ынтымақтастыққа шақырды. Қазақстандық дипломат Африка континентінің мәселелерін шешу және ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін ажырамас қауіпсіздік байланыстары мен тұрақты даму концепциясын қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындылары бойынша Кеңес мүшелері Конго Демократиялық Республикасының Үкіметі мен оппозициялық күштерді елдегі саяси процесті ілгерілету, зорлық-зомбылықтың өсуіне жол бермеу, сондай-ақ 2018 жылғы желтоқсанында транспарентті және инклюзивті сайлау өткізу үшін қажетті жағдайларды жасауға шақырды.

Қосылған : 10.01.2018, 11:30, Өзгертілген : 10.01.2018, 11:30