ҚР Сыртқы істер министрлігінде Еуропалық Парламентпен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Астана, 2018 жылғы 11 мамыр – Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропалық Парламенттің (ЕП) Орталық Азия және Моңғолия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының төрағасы Ивета Григуле-Петерсенің бастаған ЕП делегациясымен кездесті.

Делегация «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 15-ші отырысына қатысу үшін Астанаға сапармен келді. Аталған институт 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және тең парламентаралық диалог жүргізу үшін тиімді алаң ретінде қызмет етеді.

И.Григуле-Петерсе сұхбат барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ҚР-ЕО) арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейдегі сенім мен одан әрі кеңейту үшін маңызды әлеуетінің барлығымен ерекшеленетінін атап өтті. Тараптар сауда –экономикалық өзара іс-қимыл, инвестициялық климатты жетілдіру, саяси диалогты күшейту, соның ішінде заң үстемдігі мәселелерін талқылады.

ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметін қоса халықаралық саяси өзекті мәселелер, оның ішінде, сириялық реттеу, Ауғанстанды қалпына келтіру, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Бірлескен жалпыға ортақ іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың ахуалы бойынша пікір алмасты. Еуропалық депутаттарды Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, өңірдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту, ҚР нарығына еуропалық инвесторларды тарту мәселелеріне қызығушылық білдірді. Сонымен бірге, ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімінің жүзеге асырылуы және ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясының жаңарту перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар қолда бар мәселелердің барлық кешені бойынша сындарлы ынтымақтастық пен диалогты жалғастыруға және тығыз жұмыс қарым-қатынастарды қолдауға келісті.

Қосылған : 11.05.2018, 20:20, Өзгертілген : 11.05.2018, 20:20