Варшавадағы сарапшылар кездесуінің басты тақырыптары - Қазақстандағы ағымдағы жағдай, өңірлік саясат және Қазақстан-Польша қарым-қатынастары

Варшавада Кардинал Стефан Вышиньски атындағы университетінің Саяси ғылымдар институтында (ВУҒИ) Қазақстанның Польшадағы Елшісі Маргұлан Баймұханның поляк сарапшылары мен саясаттанушылар тобымен кездесуі өтті. Аталған институттың өкілдерінен басқа, іс-шараға Варшава университетінің, Адам Мицкевич атындағы университеттің (Познань) және Войцех Корфанты атындағы Жоғарғы Силезия Жоғары экономика мектебінің (Катовице) сарапшылары қатысты.

Талқылаудың модераторы ВУҒИ-ның директоры, профессор Радослав Зендеровский болды.

Өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Елшісі елдегі қазіргі жағдай мен Тәуелсіздіктің алғашқы 27 жылындағы Еліміздің сыртқы саясаты туралы жалпы сипаттама берді. Тәуелсіздік қарсаңында Қазақстан алдындағы тұрған экономика, ішкі және сыртқы саясат саласындағы негізгі мәселелер туралы айтылды. М.Баймұхан атап өткендей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Еліміздің үкіметінің жігерлі күш-жігерінің арқасында экономиканың шикізат, индустриялық, инновациялық, көлік және қаржы секторларын дамытудың ауқымды міндеттері шешіліп, 300 млрд. АҚШ доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту қамтамасыз етілді.

Елші Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ бағдар: Рухани жағыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары, сондай-ақ қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысу күшті серпіліс беретін қазақ халқының жаңа тарихи жағдайдағы шоғырлануының маңызды үдерістеріне тоқталды. Қазақстанның көшбасшылығы этносаралық пен конфессияаралық тұрақтылық пен келісімнің сақталуы мен нығайтылуына және деструктивті жалған діни ағымдардың әсерін бейтараптандыруға бағытталған дәйекті қадамдар атап өтілді.

Осыған байланысты поляк сарапшылары Қазақстанның көшбасшысының жеке тапсырмасы бойынша, нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде 30 бала өз Отанына оралуын қамтамасыз еткен, 2019 жылдың 6 қаңтарда «Жусан» деп аталатын бірегей гуманитарлық операцияны өткізу туралы ақпарат аса қызығушылықпен қабылалды.

Тыңдаушылардың назарына сыртқы саясат саласындағы 2018 жылғы негізгі оқиғалары, соның ішінде Орталық Азия ынтымақтастығын жандандыру, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қою, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігінің басымдықтарын іске асыру, Президент Н.Назарбаевтың Брюссельдегі «Азия-Еуропа» Саммиті және «Астаналық клубының» 4-отырысы шеңберінде жаңа халықаралық бастамалары ұсынылды.

Елші сыртқы істер ведомствосының жұмысындағы экономикалық құрамдас бөлікті нығайту мақсатында Президенттің нұсқауына сәйкес, ҚР Сыртқы істер министрлігіне инвестициялық және экспорттық қызметті жалпы үйлестіру функцияларын беру туралы басты айтып берді.

Одан әрі қазақстандық дипломат екіжақты деңгейі мен халықаралық өлшемдегі Қазақстан-Польша кешенді қарым-қатынастарынның дамытуда 2018 жылғы нәтижелері туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, екі елдің министрліктері, ведомстволары мен парламенттері басшыларының деңгейінде, сондай-ақ Астана мен Варшаваның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясында қарқынды байланыстар байқалды. Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі поляк сарапшыларымен 2019 жылға достық және өзара тиімді екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту туралы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында М.Баймұхан поляк қатысушыларының Қазақстан мен Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары туралы, оның ішінде ЕАЭО шеңберіндегі үдерістер, «Белдеу және жол» бастамасы, ҚР-ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы Келісімді іске асыру бойынша, сұрақтарына жауап берді. Арал мәселесін шешуге, тарихи мұраны сақтауға, Түркиямен қарым-қатынасты дамытуға бағытталған Қазақстанның күш-жігері туралы сұрақтарға толық түсініктемелер берілді.

Жалпы, ашық және жан-жақты пікір алмасу ахуалында өткен сарапшылар кеңесі осындай байланыстардың өзара пайдалылығын растап, Польшадағы аналитикалық топтардың Қазақстандағы және еуразиялық кеңістіктегі үдерістеріне қызығушылығын арттырды.

Қосылған : 15.01.2019, 10:00, Өзгертілген : 15.01.2019, 10:05