Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі

Тағайындалған шет мемлекеттің Елшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімін өткізетін күні Сыртқы істер министрлігінің ғимаратына келеді, қонақтарға арналған бөлмеге өтеді.

Оған ілесіп жүретін адамдар (Елшіліктің аға дипломаты, аудармашы) алдын ала шағын автобуспен «Ақорда» Президент Сарайына барады.

Шет мемлекеттің Елшісі (жұбайымен) Қазақстан тарапы ұсынған өкілдік сыныптағы автокөлікпен Жол полициясының алып жүруімен «Ақорда» Президент Сарайына бет алады.

Мейманды салтанатты кіреберіс алдында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Протоколының қызметкері қарсы алады және Сарайға шақырады.

Тағайындалған Елші Сарайдың холында арнайы белгіленген орынға кілем төселген жолмен жүріп өтеді.

Елшілер үлкендік ретімен (шет мемлекеттердің тағайындалған Елшілерінің үлкендігі олардың Қазақстанға келу мерзімдері бойынша айқындалады) кілемде қатарласа тұрғызылады.

Комендант құттықтау баянатын оқиды. Республикалық ұланның оркестрі Қазақстан Республикасының әнұранын орындайды.

Содан кейін Елшілер (кезекпен, үлкендік ретімен) Қазақстан Республикасының туына жақындап барып, мемлекеттік рәмізге басын сәл иіп құрмет көрсетеді. Одан әрі Мәртебелі мейман және оған ілесіп жүретін адамдар жеделсатымен үшінші қабатқа көтеріліп, «Шығыс залға» өтеді, онда Рәсімнің басталғанын күтеді.

Рәсім басталғанға дейін тағайындалған елшілер залға шақырылады және алдағы Рәсім туралы қысқаша хабардар етіледі.

Шет мемлекеттің тағайындалған Елшісі залдың ортасына өтіп, белгіленген орынға (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына қарсы) тоқтайды және Сенім грамотасын тапсырады. Қол алысады және суретке түседі. Суретке түскен кезде жұбайы Мемлекеттік хатшысының сол жағында тұрады.

Содан кейін Мемлекеттік хатшысы мінбеге өтеді.

Сөз сөйлеу аяқталғаннан кейін «шампан бокалы», бейресми сұхбат ұсынылады.

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі аяқталғаннан кейін шет мемлекеттің Төтенше және өкілетті елшісі БАҚ өкілдері үшін қысқаша мәлімдеме жасайды.

Шет мемлекеттің Төтенше және өкілетті елшісі Сарайдың холында кілемнің үстімен Қазақстан Республикасының туына жақындап барып, мемлекеттік рәмізге басын сәл иіп құрмет көрсетеді, одан әрі арнайы орынға (кілемге) барып, кері бұрылып, басын сәл иіп Құрметті қарауылдың бастығына ризашылығын білдіреді. Одан әрі жұбайымен Сарайдан шығып, Резиденцияға бет алады.

Қосылған : 29.11.2013, 11:19, Өзгертілген : 13.08.2017, 18:10