Қазақстан дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына арналған пошталық марка айналымға енгізілді

АСТАНА, 2017 жылғы 9 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына арналған пошталық марканы өшіру рәсімі өтті.

Аталған марка «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясына кіреді. Пошталық марканың атаулы бағасы – 100 теңге, таралымы 10 мың дананы құрайды. Павел Верховский суретшісі болып табылады, Сергей Маршев – дизайнері.

Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметі «Қазақстан Республикасының Сырқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республикасының елшілігі туралы» және «Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» ережелерді бекіткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы 2 шілдедегі жарлықтарының негізінде қалыптасты.

ҚР СІМ ақпараты бойынша, ағымдағы жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірлесе тағы екі марканы айналымға енгізу жоспарланған. Олар Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелігінің 25 жылдығына және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру жөніндегі бастамасының 25 жылдығына арналған.

Қосылған : 9.10.2017, 20:00, Өзгертілген : 9.10.2017, 20:00