Қайрат Әбдірахмановтың ​Халықаралық адам құқықтары күніне және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 70 жылдығына орай «Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау жөніндегі қызметі» атты дөңгелек үстелде сөйлейген сөзі

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар,

Бүгінгі дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! Сіздерді Адам құқықтары жөніндегі халықаралық күн мен Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 70 жылдығымен құттықтаймын!

Өздеріңізге мәлім, Декларация ХХ ғасырдың тарихындағы ең қайғылы кезең аяқталған кезде - Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әзірлене бастады.

Декларацияның авторлары «адам құқығын елемеу пен жеккөрушілікпен қарау адамзаттың ар-ұжданын бүлдіретін дөрекі әрекеттерге әкеліп соқтырғандықтан» адам құқықтарын қорғаудың жаһандық жүйесінің негізін қалауды өз мақсаттары ретінде белгіледі.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш мәлімдегендей, «Декларацияда баяндалған адам құқықтары идеясының «революциялық салдарлары» болды.

Құжат әр адамның нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де нанымына, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, өзге де мәртебесіне қарамастан, ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарынайғақтады.

Декларация адам құқықтарын қорғау саласындағы ондаған халықаралық құжаттардың қабылдануына ықпал етті. Сонымен қатар, Декларация өзінің өзектілігін жоғалтпай, осы күнге дейін бүкіләлемдік қауымдастық үшін адам құқықтарының жалпыға бірдей нұсқаулығы болып табылады. 500-ден астам тілге және диалектілерге аударылған, дүние жүзінде ең кең тараған құжат болып табылады.

Биыл біз адам құқықтарының халықаралық жүйесі үшін аса маңызды Вена декларациясы мен іс-қимыл бағдарламасының 25 жылдығына арналған тағы бір құжаттың мерейтойын атап өтпекшіміз. 1993 жылы Адам құқықтары жөніндегі Вена конференциясы адам құқықтарының әмбебаптығы туралы түбегейлі тұжырымдаманы ілгерілетіп, адам құқықтарының барлық санаттарының бөлінбейтін, өзара тәуелді және қосымша сипатын нығайтты. Осылайша, ол аталған саладағы халықаралық құқықты дамытудың жаңа кезеңін белгіледі.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Адамзаттың адам құқықтарын қорғау және көтермелеудегі жетістіктерге қарамастан, біз соңғы жетпіс жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктердіңнәзік екендігі және адам құқықтарының қағидаттарына қауіп төніп тұрғанын жоққа шығара алмаймыз.

Босқындар мен мигранттар ағымының артуы, төзімсіздік, кемсітушілік, ксенофобия, нәсілдік, ұлттық және діни көшпенділікке шағыстырушылық, ұзаққа созылған қақтығыстар, зорлық-зомбылық – қазіргі уақытта бұл адам құқықтары саласындағы жаһандық ауқымдағы ең өткір проблемалары болып табылады.

Биылғы жылы атап өтілетін мерейтойлар әр мемлекеттің адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктерін талдап, шешілетін мәселелерді анықтап, адам құқықтары саласындағы жұмыстарды жетілдіру бойынша келесі қадамдарды белгілеуге мүмкіндік беретініне сенеміз.

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар!

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет құру жолында тұрақты тұр.

Егемендіктің саяси және құқықтық негіздерін бекітетін ел Конституциясы мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде өмір, адам құқықтары мен бостандықтарын жариялады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев заңның үстемдігіне және қазақстандық қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, еліміздің халықаралық міндеттемелері аясында азаматтардың конституциялық құқықтарын құрметтеуге зор маңыз береді.

Бүгінде Қазақстан адам құқықтары саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттардың қатысушысы болып табылады, бұл біздің адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін тұрақты түрде нығайтуға деген біздің берік ұстанымымызды куәландырады.

Қазақстан адам құқықтарын көтермелеу мен қорғаудың, атап айтқанда БҰҰ жүйесінің механизмдерімен халықаралық тетіктермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Келесі жылдың қарашасында адам құқықтары жөніндегі мерзімдіәмбебап шолуының үшінші циклының өтуі маңызды оқиға болмақ. Біздің ойымызша, бұл алдыңғы кезеңдердің ұсынымдарын іске асыруға қатысу, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру бойынша одан арғы қадамдарды анықтау үшін жақсы мүмкіндік береді деп есептейміз.

Өздеріңіз білетіндей, біз 2009 жылы Адам құқықтары кеңесінің арнаулы рәсімдерінің барлық мандаттарына ашық шақыру жібердік және мандат иелерін жүйелі түрде қабылдадық. Осыға орай, 2019 жылдың мамыр айында БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрестегі адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу және қорғау жөніндегі арнайы баяндамашысы ресми сапармен Қазақстанға келмек.

Адам құқықтары жөніндегі тетіктердің ұсынымдарын іске асыру процесі адам құқықтары мен халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ Адами өлшем бойынша диалог платформасының Консультативтік және консультативтік органының бақылауында.

Оның жұмысына мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның, Парламенттің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Қабылданып жатқан шаралар Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік экономикалық мақсаттарының бірі - әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіруге мүмкіндік береді деп сенеміз. Қазақстанның Экономикалық Ынтымақтастық Даму Ұйымымен мемлекеттік бағдарламасы және адам құқықтарын сақтау жөніндегі нұсқамаларды қамтитын ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаларын ұлттық заңнамаға интеграциялауға бағытталған.

Ұлттық құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жақын келешекке арналған міндеттер ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауында белгіленген. Аталған бағдарламалық құжатқа сәйкес заң үстемдігін, әкімшілік және қылмыстық заңнаманың шынайылығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар қабылданатын болады, сот жүйесін реформалау бойынша жұмыс жалғастырылады, жемқорлық пен күрес күшейеді, азаматтық, әлеуметтік экономикалық және мәдени құқықтарды қамтамасыз ету саласында нақты шаралар қолданылады.

Сонымен қатар, мониторинг жүйесін жетілдіру мақсатында елімізде Адам құқытарын қорғау саласындағы жаһандық көрсеткіштер негізінде адам құқықтарын сақтаудың ұлттық көрсеткіштері дайындалуда.

Мемлекетіміздің құқық қорғау саласындағы белсенді саясаты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі біздің сайлау алды науқанымыздың сәттілігінде айтарлықтай рөл атқарды және Кеңестегі еліміздің мүшелігінің үндестігін анықтады.

Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі мінез–қылық кодексін ілгерлетуге көп көңіл бөлінуде. Бұл Қазақстанның адам ажырамас құқықтарын, ең алдымен өмір сүру құқығын іске асыру бойынша іске қосқан нақты үлесі.

Сондай-ақ, Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңеске 2022 – 2024 жылдарға мүше болуға өз кандидатырасын ұсынғандығын хабарлағым келеді. Қазақстан 2013-2015 жылдар БҰҰ АҚК мүшесі болған еді. Қазақстан сайланған жағдайда, БҰҰ АҚКнің мүшесі ретінде белсенді жұмысты жалғастыруға ниеттіміз. Осыған орай 2021 жылғы күзде Нью Йоркте өтетін сайлауда сіздердің мемлекеттеріңіздің қолдауына үміттенеміз.

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар!

Сөзімді аяқтар алдында мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында сіздерді еліміздің ең басты мерекесімен құттықтағым келеді және аспанымызға бейбітшілік, алға қойған мақсаттарымызға сәттілік тілеймін.

Назарларыңызға рахмет!

(Астана, 2018 жылғы 10 желтоқсан)

Қосылған : 10.12.2018, 17:00, Өзгертілген : 10.12.2018, 17:00