Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 ж. Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралык елісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралык елісімге (Мәскеуқаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін қалыптасқан «Шанхай бестігі» тетігінің негізінде құрылды.

Ұйымның негізгі мақсаттары – 2002 ж. 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру; энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау.

ШЫҰ мүше мемлекеттері – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан болып табылады.

ШЫҰ жанындағы байқаушы мәртебесіне ие мемлекеттер - Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Монғолия және Пәкістан.

ШЫҰ сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне ие мемлекеттер – Әзірбайжан, Армения,Камбоджа, Непал,Беларусь, Шри-Ланка, Түркия.

Шанхай ынтымақтастықұйымы – қандай да бір елге қарсы бағытталған әскери блок немесе жабық альянс емес, ол кең халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған құрамы кеңейтілуі мүмкін ашық ұйым.

Қазіргі кезде ШЫҰ (байқаушы және сұхбат бойынша әріптес мәртебесіне ие мемлекеттермен бірге) – 3 миллиардтан аса тұрғын саны (әлемдегі халық санының 50%). Ұйымның құрамына БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің екі тұрақты мүшесі және ядролық державалар (ҚХР және РФ), әлемдегі халық санының ең көп екі мемлекеті (ҚХР және Үндістан) және дүниежүзінде энергияныең көп тұтынушы мемлекеттері (Қытай және Үндістан) кіреді.

ШЫҰ-ның қазіргі кездегі негізгі мақсаттары – өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшыларының кеңесі - ШЫҰ жоғары органы болып табылады. Кеңес басымдылықтарды белгілеп, Ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, оның ішкі құрылымы мен жұмыс істеуінің негізгі мәселелерін шешеді, басқа мемлекеттер мен және халықаралық ұйымдар мен қарым-қатынасын реттейді, сонымен қатар халықаралық өзекті мәселелерді қарастырады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының (премьер-министрлер) кеңесі – Ұйым шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі мәселелерін қарайды және шешеді, Ұйым бюджетін қабылдайды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі – Ұйымның ағымдағы қызметінің, мемлекет басшылары кеңесінің отырысына дайындық, халықаралық мәселелер бойынша Ұйым шеңберінде консультациялар өткізу мәселелерін қарайды. Қажет жағдайда Кеңес ШЫҰ атынан мәлімдеме жасайалады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі – Ұйымның ағымдағы қызметін үйлестіруді және басқаруды жүзеге асыратын орган. Кеңес Мемлекет басшылары, Үкімет басшылары және Сыртқы істер министрлері кеңестеріне дайындық жұмыстарын жүргізеді.

ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдары – Пекиндегі Ұйым Хатшылығы мен Ташкенттегі Аймақтық терроризмге қарсық ұрылымының (АТҚҚ) Атқарушы комитеті Ұйым алдындағы негізгі міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады.

ШЫҰ Бас хатшысы мен АТҚҚ Атқарушы комитетінің директоры мүше мемлекеттердің азаматтары қатарынан ротация негізінде мемлекеттің атауы бойынша орыс әліпбиінің тәртібі бойынша 3 жылға, әрі қарай ұзарту құқығынсыз сайланады.

Рашид Әлимов (Тәжікстан Республикасының өкілі) 2016 ж. қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы, ал Евгений Сысоев (Ресей Федерациясының өкілі) - АТҚҚ Атқарушы комитетінің директоры болып табылады.

Қазақстан – ШЫҰ форматындағы ең беделді мүше мемлекеттердің бірі. Сындарлы мүше және тең құқылы үн қатысу жүргізу – Қазақстанның аймақтағы ұстанымын арттырып, мүше мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсінушілікті арттыруға жәрдем көрсетуде.

Қалыптасқан тәжірибе бойынша Ұйымға төрағалық 1 жылдық кезең ішінде жүзеге асырылады - кезекті саммит аяқталғаннан кейін басталып, төрағалық етуші мемлекеттің аумағында ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының отырысын өткізумен аяқталады. 2016 ж. маусымнан бастап 2017 маусыға дейінҰйымдаҚазақстан Республикасы төрағалық етуде.

ШЫҰ-ның негізгі құжаттары:

*ШЫҰ Хартиясы

*ШЫҰ-ны құру туралы декларация

*Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы

*Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт

*ШЫҰ Рәсімдер ережелері

*ШЫҰ Хатшылығы туралы Ереже

*Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетінің Регламенті

*ШЫҰ жанындағы байқаушы мәртебесі туралы Ереже

*ШЫҰ-ның сұхбат бойынша серіктесі мәртебесі туралы Ереже

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер

Қазақстан
Қырғызстан
Қытай
Өзбекстан
Ресей
Тәжікстан

ШЫҰ жанындағы байқаушы мемлекеттер

Ауғанстан

Беларусь

Иран

Үндістан

Монғолия

Пәкістан
ШЫҰ-ның сұхбат бойынша серіктес мемлекеттер

Әзірбайжан

Армения

Камбоджа

Непал

Түркия

Шри-Ланка

Қосылған : 10.12.2013, 14:08, Өзгертілген : 13.04.2015, 16:16