​Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің КХДР баллистикалық зымыранды ұшыруына қатысты мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Корей Халық Демократиялық Республикасының 2017 жылғы 29 қарашада баллистикалық зымыранның кезекті ұшыруын батыл айыптайды.

КХДР билігін зымыран-ядролық менмендіктен бас тартуға, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мүлтіксіз сақтап, сонымен бірге өз халқының және бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен сәттілігін дамытуды сақтау үшін келіссөз үстеліне оралуға қайта шақырамыз.

Корей түбегіндегі арандатушылық әрекеттер дүниежүзілік қауымдастығының ядролық қаруды таратпау режимінің нығайтуды және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күш-жігеріне айтарлықтай зиян келтіреді.

Қазақстан бұрынғыша солтүстіккорей ядролық бағдарламасының бейбіт жолмен шешім көретінін атап, барлық мүдделі тараптарды шыдамдылыққа және КХДР ядролық бағдарлама бойынша көпжақты келіссөздер процесін жаңғыртуға шақыруда.

Қосылған : 29.11.2017, 19:55, Өзгертілген : 29.11.2017, 19:55