Ресми атауы:

Аустралия (Аустралия Одағы)

Астанасы:

Канберра

Ресми тілі:

Ағылшын

Территориясы:

7 692 000 км²

Халық:

24 168 303 адам (2015 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша)

Уақыты:

Уақыт белдеулері UTC +8…+10. Жазғы уақыт: +1 сағат (ауысым қазанның алғашқы жексенбісінде). Астана мен Сидней қалаларының арасындағы уақыт айырмашылығы+5 сағат.

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар–Жаңа жыл.
26 қаңтар – Аустралия күні.
25 сәуір – АНЗАК күні.

Пасха (наурыз-сәуір айларында 4 күн тойланады).

Маусым айының екінші дүйсенбісі–Патшайымның туған күні. (Батыс Аустралияда – қыркүйектің соңғы дүйсенбісі).

Қазанның алғашқы дүйсенбісі – Еңбек күні.
25-26 желтоқсан - Рождество.

Валютасы:

Аустралия доллары

Климаты:

Австралия – оңтүстік жарты шардағы құрлықтың ішіндегі ең ыстық бөлігі. Солтүстікте климат субэкваторлы, муссонды, ыстық, орталықта – тропиктік шөлді, оңтүстік-батыс аймақта – субтропикалық. Шығыс жағалауында – тропиктік, теңіздік, ең ыстық болатын аймақ. Тасмания аралында – тұрақты теңіздік. Қаңтарда орташа температура – +20-дан +30 °C-ға дейін, шілдеде – +12-ден +20 °C-ға дейін. Жауын-шашын мөлшері шығыстан батысқа қарай бәсеңдейді жылына 1500 мм-дан 250–300 мм-ға дейін. Қоңыржай климат белдеуіне тек Тасмания аралының көп бөлігі су кеңістігімен қоршалған орталық және оңтүстік аймақтары кіреді, климаты да қыста тұрақты жылулығымен, жазда салқын болуымен ерекшеленеді. Қаңтарда орташа температура 14–17 градус, маусымда – 8 градус. Жел ағысы – батыс. Аралдың батыс аймағындағы жауын-шашын мөлшері – 2500 мм, жауынды күндердің саны – 259. Шығыс аймақта климат ылғал аз, қыста кейде қар жауады.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Қазақстаннан тікелей сапар жоқ. Стамбул, Үрімші, Гуанчжоу, Абу-Даби, Сингапур, Бангкок, Куала-Лумпур, Сеул, Токиода ауысып мінуге болады.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Виза бойынша:

Жыл сайын Аустралияға миллиондаған туристер келеді. Аустралияның азаматтығы жоқ азаматтарға кіру үшін виза қажет.

Виза әртүрлі санатты болады, мысалы, білікті мигрант пен оның отбасы үшін, саяхатшылар, іскер адамдар, студент, спортшылар және т.б. үшін. Кейбір санаттағы визаларға Immi Account жүйесі арқылы онлайн режимде ұсыныс тастауға болады. Құжаттарды жіберіп болған соң, визаға тіркелу статусын қадағалауға болады, қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды жіберуге мүмкіндік бар.

Келесі сілтемеге өте отырып әртүрлі санаттағы визалардың түрімен танысуға болады: https://www.border.gov.au/Trav/Visa/Appl
2012 жылдан бастап аустралиялық визаларды рәсімдеу азаматтардың төлқұжаттарына визалық жапсырмаларды жабыстыруды қажет етпейді.VEVO (VisaEntitlementVerificationOnline) электрондық базасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Аустралия рейсіне тіркелуге және отырғызу талоның алуға мүмкіндік беретін визаны алуды растайтын ақпараттар көрсетілген.

Төлқұжаттың жарамдылығы:

Аустралияға саяхаттаушылардың төлқұжаты мен визалары жарамды болу қажет. Тасымалдауда қиындықтарға тап болмау үшін 6 айлық жарамдылығы бар төлқұжаттың болуы ұсынылады, себебі кейбір әуежайлар мен мемлекеттерде бұл міндетті шарт болып саналады.

Кедендік бақылау:

Кедендік тексеру үрдісі стандартты. Өзіңізбен бірге төлқұжат пен жарамды виза болу қажет және ағылшын тілінде кедендік декларацияны толтыру керек.
Кейбір тауарларды тасымалдаудағы шектеу:

Ішімдіктер мен шылым;

Бажсыз алып келуге рұқсат етілетін тауарлар:
- 2,25 л өткір алкоголды ішімдіктер;
- 50 шылым немесе 50 г темекі;
- жалпы бағасы 900 аустралиялық долларды құрайтын тауар (18 жастан кіші тұлғалар үшін — жалпы бағасы 450 аустралиялық долларға дейін).
Бұндай тауарларға зергерлік бұйымдар мен асылтастар жатады. Жеке қолданыстағы бұйымдар бұл қатарға кірмейді.

Кіргізу мен шығаруда валюталық шектеу жоқ. Кез келген баламадағы 10 000 аустралиялық доллардан жоғары сумма декларациялауға міндеттеледі.

Стероидтар, каннабис негізінде жасалған дәрілер секілді құрамында тәуелділік пен теріс пайдалануға әкелетін қосындылары бар дәрі-дәрмектер декларацияланады. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге алдын-ала ағылшын тіліне аударылған дәрігердің рецептің алып жүру қажет. Аспирин, парацетамол секілді дәрілер мен витаминдер декларацияланбайды.

Кіргізу/шығаруға тыйым салынған заттар:

Аустралия үкіметі аустралиялық кейбір тауарлардың экспорты мен импортын бақылауда ұстайды.

Тыйым салудың екі түрі көрсетіледі:

-абсолютті тыйым, кез келген жағдайда тауарларды кіргізу мен шығаруға тыйым.

-шектелген тыйым, тауарларды кіргізу мен шығаруға рұқсат берілгенін растайтын қолхатты қажет етеді.

Тыйым салынған тауарлар тізімімен (абсолюттіжәне шектелген) келесі сілтемеден өту арқылы таныса аласыз:

Кіргізу бойынша заттар тізімі: https://www.border.gov.au/Busi/cargo-support-trade-and-goods/importing-goods/prohibited-and-restrictedhttps://www.border.gov.au/Busi/cargo-support-trade-and-goods/importing-goods/prohibited-and-restricted

Шығару бойынша заттар тізімі: http://www.border.gov.au/Busi/cargo-support-trade-and-goods/exporting-goods/exporting-prohibited-and-restricted-goodshttp://www.border.gov.au/Busi/cargo-support-trade-and-goods/exporting-goods/exporting-prohibited-and-restricted-goods

Санитарлық бақылау:

Аустралия жұқпалы және ауыр аурулардан алшақ орналасқан санаулы елдердің қатарына енеді. Жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушы ретінде Аустралияның беделі зиянкестердің болмауымен тығыз байланысты. Экзотикалық зиянкестер мен аурулардың енуі Аустралия үшін ауыр экологиялық және экономикалық ахуалдар алып келуі мүмкін.

Тұрғындарының денсаулығын, ауыл шаруашылығын, туризм әлемін, ерекше қоршаған ортасын қорғау мақсатында Аустралия қатал талаптар енгізіп отыр.

Елге кірмес бұрын барлық адамзат, жолдамалар, жүктер, заттар қатаң тексерістен өтеді.

Аустралияға саяхаттаушылар өсімдік және жануар тектес барлық заттарды, ет, сүт өнімдерін, ағаш бұйымдар, жемістер, көкөністер, жаңғақ және тірі жануарларды декларациялау қажет. Орындамаған жағдайда үлкен көлемде айыппұл салынады немесе қамауға алу жазалары қолданылады.

Фитосанитарлық бақылау:

Аустралияның биоқауіпсіздігіне жауап беретін негізгі мекеме кеден қызметімен бірге жұмыс атқаратын ауыл шаруашылық министрлігі. Өсімдік өнімдері, әсіресе өңделмеген түрлері ұлттық қауіпсіздікке жоғары дәрежеде зиян тигізеді. Өсімдік өнімдерін импорттауға рұқсатты тек BICON (Biosecurity Import Condition System) жүйесі арқылы алуға болады, ол ауыл шаруашылық министрлігінің веб-сайтында көрсетілген. Онда аустралиялық саудада рұқсат берілген 20 мыңнан астам атаулы өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық тауарлар мен 2 жануар өніміндеріне қол жеткізу ережелері туралы ақпараттар берілген. Электронды өтініштер ғана қабылданады және әрқайсысы жеке қарастырылады. Баж салығына сәйкес төлем қарастырылған.

Ветеринарлық
бақылау:

Аустралияға үй жануарларын (ит, мысық) алып кіру тек биологиялық қауіп туғызбайтын елдерге ғана рұқсат етілген. Аустралияға жануарларды алып кіру үшін арнайы рұқсат алу қажет. Заңнамаға сәйкес, Аустралияда иттердің келесі түрлерін алып кіруге тыйым салынған: бразилиялық мастиф, япондық мастиф, канарлық дог, аргентиналық дог, питбультерьер немесе америкалық питбультерьер. Аустралияға кіргізілетін барлық иттер мен мысықтар карантиннен өткеннен кейін, саяхаттауға жарамдылығын растайтын AQIS (Australian Quarantine and Inspection Service) сертификаттарын алуға міндетті екенін айта кету керек. AQIS ұсынған жануарды идентификациялаудың жалғыз әдісі, кез келген қан тапсыру анализіне дейін тәрбиеленген жануарында имплантацияланатын микрочипі болу керек. Микрочип оқылмайтын жағдайда жануар Аустралиядан шығарылады.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қауіп:

Аустралиядағы криминалды белсенділік деңгейі төмен. Елдегі террористік қауіптілікті өлшеудің бес деңгейден тұратын арнайы жүйе қарастырылған:
1. мүмкіндігі аз (төмен);
2. мүмкін (орташа);
3. ықтимал (жоғарылау);
4. болжалды (жоғары);
5. шарасыз (критикалық).

Бүгінгі күнде террористік қауіптілік деңгейі – мүмкін.

Қылмыстық:

Ресми мәліметтерге сүйенсек, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өте төмен көрсеткішті көрсетеді. Дегенменен, топтық ұйымдасқан қылмыстар, заңсыз тасымалмен айналысу, наркотикалық заттарды тарату мен тасымалдауға байланысты қылмыстардың бар екені айқын.

Мемлекеттегі түрлі аудандарды аралау:

Аустралияда қандай да болмасын аралауға тыйым салынған аймақтар жоқ. Алайда, жеке меншік аймақтарға кіруге тыйым салыну мүмкін. Бұндай аймақтар қоршалып, арнайы белгімен көрсетіліп қояды.

Құқық қорғау органдары қамауға алға жағдайда сіздің іс-әрекеттеріңіз:

Полиция қызметкерлері сізді келесідей жағдайларда қамауға ала алады:

- егер олар сізді заңды бұзды деп тапса;

- егер оларда сізді қамауға алу ордері болса;

- егер олар сіздің өз отбасы мүшелеріңізге қауіп тудыра алады деп тапса.

Полиция офисері сізді қамауға алу туралы шешімін хабарлау керек. Бірақ, полиция қызметкерлері үшін бұл қиын болса, мәселен, сіз қашуда болсаңыз онда олар хабарламайды. Егер сізді қамауға алса немесе тұтқындаса, онда полиция қызметкерлерінің соңынан еруіңізге тура келеді. Орындамаған жағдайда «қамауда қарсылық көрсетті» деген айып тағылуы мүмкін.

Егер сіз тұтқындауды мойындамай, кедергі жасасаңыз полиция қызметкерлері тиісінше іс-әрекеттер қолдана алады. Егер полиция қызметкері сізді тұтқындау барысында тым ауыр күш жұмсаса немесе себепсіз тұтқындаса, сіз қызметкер үстінен арыз түсіре аласыз.

Егер сіз сенімсіз болсаңыз, онда полиция қызметкерінен «Мен тұтқындалдым ба?» және «Неге мені тұтқындадыңыз?» деп сұраңыз. Егер сіз тұтқындалмасаңыз, онда полиция қызметкерінің соңынан ермеуіңізге болады.

Егер полиция қызметкерлері сізді қан құрамындағы алкоголь мен наркотикалық заттардың барын растайтын тесттен өту үшін бөлімшеге өтуді сұраса, онда бұл тұтқындауға жатпайды.

Егер сізді көпшілік орындағы мастық үшін тұтқындаса және басқа ауыр қылмыс тағайындалмаса, кепілмен босатылуға болады.

Тұтқындаған соң полиция сізді қамауға алуға міндетті. Бұл жағдайда, полиция қызметкері сізді полиция бөлімшесіне, қамау орталығына, соттағы полиция бөлімшесіне арнайы полиция көлігімен алып барады. Сондай-ақ, полиция қызметкері сіздің қолыңызға кісен сала алады.

Сіз қамауға алынған кезде, полиция:

- аты-жөніңіз бен мекен-жайыңызды сұрауға;

- арыз жазуды сұрауға;

- сұхбаттасуға;

- саусақ таңбаларын алуға;

- сіз жайлы ақпарат іздеуге;

- фотоға түсуді талап етуге;

- сізге кінә тағуға;

- кінәтағып, кепілмен босатуға құқылы.

Сіз екі рет телефон соғуға құқылысыз:

- Біреуі – қорғаушыңызға;

- Екіншісі – туысыңыз немесе досыңызға;

Полиция сізді ешкім естімейтіндей, телефон соғу үшін қолайлы жеке бос кеңістік беруге міндетті.

Қызметкер сізге телефон соғуға рұқсат бермейді, егер сіз:

- мас күйінде немесе наркотикалық заттардың әсерімен көлік айдағаны үшін қамауға алынсаңыз;

Полиция қызметкері телефон соғу:

- қылмысқа қатысты басқа адамның қашуына көмек береді;

- айғақтарды өзгерту немесе жою қауіптілігі туындайды;

- басқа адамдарға қауіп тудыруы мүмкін

секілді жағдайларға алып келеді деп санауға құқылы.

Полиция сізді нақты кінә тағылмайынша белгілі бір уақыт шамасында ғана қамауда ұстай алады. Ол уақыт заң жүзінде көрсетілмеген, қылмыстың ауырлығы мен сұхбаттың ұзақтығына байланысты.

Егер сіз полиция қызметкерлері сізді ешбір негізсіз қамауда ұзақ ұстап отыр деп тапсаңыз:

- қашан сізге айып тағылатының және қашан босатылатыныңыз жайында сұрап алыңыз;

- сізді қоррғаушыңызбен байланыстыруды талап етіңіз;

- шағымданыңыз.

Жеке заттар

Полиция қызметкерлері сізді камерада ұстайтын болса, жеке заттарыңызды алады. Жеке заттарыңыз тіркелген тізімді көрсетіп, сіздің қолтаңбаңызды алуға міндетті. Қамаудан босатылған кезде, жеке заттарыңыз қайтарылады. Егер, жеке заттарыңыз айғақ деп танылса немесе жойылып кетсе, онда ол заттар қайтарылмайды. Егер сіз ағылшын тілін жетік меңгермеген болсаңыз, онда полиция қызметкерлерінен аудармашыны талап ете аласыз. Аудармашының ақысын полиция төлейді.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктері:

Ағылшын отаршыларынан мұраға қалған Аустралиялық сол жақты қозғалысы. Көлік жүргізушісі де, жолаушыларда қауіпсіздік белдемшесін тағуға міндетті. Балалар арнайы авто орныдықта отыру қажет. Шектетілген жоғары жылдамдық: елді жерлерде– 60 км/сағ, қала сыртында — 100 км/сағ, жылдамдықты автожол мен автомагистралда — 130 км/сағ. Абай болыңыз! Кез келген жерде, әсіресе шөлді аймақтарда жолды ірі жануарлар кесіп өтуі мүмкін. Жүргізушінің қанының құрамындағы алкоголь мөлшері әр 10 мл қанда 0,02–0,05 г-нан аспау қажет (жүргізушілік куәліктің деңгейіне сай).

Жанармайдың негізгі түрлері:

Октандық саны 91-ге тең эталонды бензин (Ethanol E10);

- октандық саны 91 эталонды бензин (Ethanol E10);

- октандық саны 95-ке тең жоғары санаттағы этилдендірілмеген бензин (premiumunleadedpetrol);

- октандық саны 98-ге тең супер жоғары санаттағы этилдендірілмеген бензин (super premiumunleadedpetrol);

- Дизелдіжанармай (diesel).

2015 жылы желтоқсан айында көрсетілген деректерге сай 100 л этилдендірілмеген бензиннің орташа бағасы:

Канберра – 125,5 аустрал. долл.;

Сидней – 129,4 аустрал. долл.;

Мельбурн – 127,6 аустрал. долл.;

Брисбен – 128,2 аустрал. долл.;

Перт – 126,7 аустрал. долл.;

Аделаида – 129,2 аустрал. долл.;

Хобарт – 136,7 аустрал. долл.

Тұрақ саны:

Аялдамалар мен тұрақтар жолдың сол жақ бетінде орналасқан, жоқ болған жағдайда жолдың қиылысқан шетінде орналасады. Жолдың оң жақ бетінде тұрақтар мен аялдамалар орналасады егер де ол жол біржақты қозғалысты болса. Еркін тұрақты ірі қалаларда, жағажайларда, қаланың көрнекті жерлерінде, мәдени-ірі шаралар өткізіліп жатқан аймақтарда табу қиынға соғады.

Көпқабатты пркингтер мен сауда орталықтарындағы тұрақтардағы орташа баға:
- Канберрада: 1 сағат – 6 аустрал. долл., тәулігіне – 45 аустрал. долл.;
- Сиднейде (Жаңа оңтүстік Уэльс) 1 сағат – 25 аустрал. долл., тәулігіне – 80 аустрал. долл.;
- Мельбурнда (Виктория) 1 сағат – 15 аустрал. долл., тәулігіне – 60 аустрал. долл.;
- Брисбенде (Квинсленд) 1 сағат – 17 аустрал. долл., тәулігіне – 55 аустрал. долл.;
- Пертада (Батыс Аустралия) 1 сағат – 7 аустрал. долл., тәулігіне – 30 аустрал. долл.;
- Аделаидада (Оңтүстік Австралия) 1 сағат – 6 аустрал. долл., тәулігіне – 40 аустрал. долл.;
- Хобартта (Тасмания) 1 сағат – 5 аустрал. долл., тәулік – 25 аустрал. долл.

Көптеген сауда отралықтарында алғашқы 2-3 сағат және демалыс күндері тұрақтар ақысыз.

Іуежайдағы тұрақтардың бағасы:
Канберра: 1 с – 4 аустрал. долл., тәулігі – 45 аустрал. долл.;
Сидней: 1 с – 5 аустрал. долл., тәулігі – 55 аустрал. долл.;
Мельбурн: 1 с – 5 аустрал. долл., тәулігі – 49 аустрал. долл.;
Брисбен: 1 с – 10 аустрал. долл., тәулігі – 50 аустрал. долл.;
Перт: 1 с – 6 аустрал. долл., тәулігі – 35 аустрал. долл.;
Аделаида: 1 с – 5 аустрал. долл., тәулігі – 30 аустрал. долл.;
Хобарт: 1 с – 5 аустрал. долл., тәулігі – 13 аустрал. долл.

Жол салығын төлеу қажеттілігі:

Жалпы қолданыстағы жолдарда көлік құралдарын қолдану үшін барлық штаттар мен аймақтарда жылсайын көлік құралдарын тіркеу үшін төленетін, бағасы штат пен көлік құралына сай өзгеретін міндетті жарнаны талап етеді. «Рего» сөзі осы төлемнің қоғамда аталып кеткен түрі (тіркелу сөзінің қысқартылған түрі).

Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі:

Жарақаттанудан сақтандыру үшінші тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Жаңа ОңтүстікУэльс пен Квинслендте міндетті сақтандыру полисі (compulsory third party motor insurance) авторландырылған сақтандыру компанияларында жыл сайынғы көлік құралын қайта тіркеуде толтырылады. Басқа штаттарда полистің бағасы жыл сайынғы қайта тіркеудің бағасымен бірге төленеді және тікелей көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның төлеуіне жатады.

ЖОУ-да міндетті сақтандыруды рәсімдейтін 7 компания қызмет атқарады, Квинслендте – 6. ЖОУ-тегі сақтандыру полисінің орташа бағасы 2015 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіш бойынша 620 аустралиялық долларды құрайды, Квинслендте – 590 аустралиялық доллар, Викторияда – 615 аустралиялық доллар, Батыс Австралия – 520 аустрал. долл., Оңтүстік Аустралия – 580 аустрал. долл., Тасмания – 550 аустрал. долл.

Қазақстандық жүргізушілік куәлікті қолдану мүмкіндігі:

Аустралияда жүргізу заңы мен ережесі штаттарға байланысты өзгеріп отырады. Кейбір штаттардың ережесіне сай жүргізушілік куәлікпен бірге халықаралық лицензияны алып жүру міндетті. Ал кейбіреуінде тек жүргізуші куәлігін ағылшынша аудармасымен бірге алып жүруді талап етеді.

Автокөлікті сақтандыру:

Үшінші жақты міндетті сақтандыру (Compulsary Third Partyinsurance - СТР) Аустралияның барлық штаттарында міндетті деп саналады. Бұл сақтандыру полисінсіз сол жерде көлік құралыңызды тіркеу мүмкін емес. Көптеген штаттарда сіздің СТР-іңіз жыл сайынғы көлік құралыңызды тіркеу үшін төленетін жарнаңыздың бағасына кіреді, Жаңа Оңтүстік Уэльсте ғана тіркеуді жаңарту алдында ерекше кезең ретінде бөлек алу керек.

Автокөлік құралдарын жалдау:

Аустралияда көліктің кез келген түрін жалға беретін компаниялар қызмет атқарады. Көлікті жалдау үшін алдын ала қоңырау шалу немесе интернет арқылы тапсырыс беруге болады. Орналасқан жеріңізге дейін көлікті жеткізіп беру қосымша төлемдер арқылы жүзеге асады.

«Стандарт» санатындағы (Mitsubishi Lancer, Toyota Corolla) автокөліктерді жалдаудың орташа бағасы тәулігіне 85 аустрал.долл. Жалға алу бағасы жалдау күніне байланысты ауысады (7 күннен асса) және жүргізушінің жас шамасы 25-тен төмен болған жағдайда.

Автокөлікті жалға алу үшін жүргізушінің жарамды жүргізушілік куәлігі болуы керек (ағылшынша немесе арнайы аударылған) және жас шамасы 21-ден үлкен болу қажет. Аустралияда жалға беруді тіркеудің міндетті шарттарының бірі кредиттік картаны кепіл ретінде қалдыру.

Жол-көлікоқиғасында сіздің әрекетіңіз:

Аустралияның заңдарына сәйкес жол-көлік оқиғаларына қатысты жүргізуші: тез арада тоқтап, авариялық сигнал беріп, авариялық тоқтау белгісін қосып тұру қажет. Белгі өзге жүргізушілерді алдағы қауіп туралы алдын-ала қашықтан ескерту үшін беріледі. Бұл қашықтық көлік құралынан 50–100 м-ден аспау қажет.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда зардап шеккендер болса немесе иесіз мүлікке зардап келсе, онда жүргізуші дереу полиция мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақыруға міндетті. Кімнің кінәлі екендігіне қарамастан куәгерлер мен көлік жүргізушілері туралы ақпараттарды, көлік құралының тіркелу нөмірі мен жүргізуші куәлігін жазып алуға міндетті.

ЖКО-да зардап шеккендер болмаған жағдайда, тек мүліктік зардап келтіріліп, екіжақты келісіммен шешім табылса онда полицияның көмегін қажет етпейді. Бұл жағдайда да жүргізушілер бір-бірінің ат-жөнін, мекен-жайы, т.б. ақпараттарын жазып алуы керек. Болған оқиға жайлы арыздар аустралиялық полиция федерациясының веб-сайтында қабылданып, тіркеледі.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қалыптасқан іс-әрекеттер нормасы:

Аустралияның мәдениеті мен салттары ағылшындардан алынған, олардың этикет ережелері ұқсас: бастық қызметшілерінің алдында, ерлер әйелдер үшін, қожайын қонаққа есік ашу керек. Аустралиялықтар – толерантты ұлт. Тұрғындардың көп бөлігі – сырттан келушілер, сондықтан, мемлекет – көпұлтты. Аустралиялықтар – ашық халық. Олар жарқын, үнемі күліп жүреді, қонақжай, мейірімді. Кез келген тақырыпта әңгіме айтуға болады, тек нәсілдік ерекшелік пен жалақы туралы айту дөрекілікке жатады. «Ханым», «мырза», ағылшынша «мисс», «мистер», «миссис» сөздерін қолданбаңыз, бұнда ресмилікті емес, әр адамды өз аты бойынша айтуды ұнатады. Олар өздерін бейресми түрде оззи деп атайды. Өзге елге ұқсамайтын ерекше елде өмір сүріп жүрміз дегенге нық сенімді, қол алысуға аса қатты мән береді, ол қатты болу керек. Әйел адамзатының қол алысуда қол созғаны дұрыс саналмайды, алғаш болып әрқашан ер адам созу керек. Көзілдірік пен бас киім міндетті!

Қылмыстың түріне байланысты жаза қолдану:

Мемлекеттік отбасылық заң:

Мемлекет шекарасында шетелдіктердің жеке меншік алуының жергілікті заңдары:

Аустралиялық заңдарға сәйкес шетелдіктер мемлекеттің экономикасына инвестиция құю үшін жаңа құрылыстан үй алуға құқылы, екінші рет мүлік ала алмайды.Келісім шартқа қол қоймас бұрын, алдымен таңдалған меншікті алуға рұқсатты шетел инвестицияларын қадағалаушы басқарма FIRB-тен (Foreign Investment Review Board) алу қажет. Өтініш 3 күннің ішінде қаралады. Мекен жайы көрсетілген меншікті алу рұқсаты тек 12 айға беріледі.

Шетелдіктер жер немесе құлатуды қажет ететін мекемені ала алады, мұндайда ол сол жерге жаңа жылжымайтын мүлік салуға міндеттеледі немесе жаңадан соғу үшін екінші мүлік сатып ала алады.

Денсаулық сақтау:

Денсаулықүшін қауіп, тұрақты аурулар:

Ауыр індет байқалмайды. Ауыр індеттің белгілері байқалған жағдайда медицина қызметкерлері БАҚ өкілдері арқылы хабарлайды. АИТВ- жұқпалы ауруының көрсеткіші Аустралияда өте аз.

Құрамында фреон бар өнімдерді көп қолданатын болғандықтан, ғаламшардың озон қабаты жұқаланып, озондық тесіктер пайда болуда, әсіресе Аустралияда орналасқан бөлігінде. Сондықтанда, мұнда күнге күю қауіпті болып саналады.

Аустралиялық фауна адамға қарым-қатынасы агрессивті. Теңіз тұрғындарымен қарым-қатынаста аса сақ болған жөн. Акула, скат, теңіз кірпілерінен басқа улы медузалар да көптеп орналасқан. Улы өрмекшілер, жыландар, жәндіктердің тістеуінен көз жұмып жатқан адамдар саны көп (тіпті құмырсқа мен қоңыздар да қауіпті).

Медициналық көмектің ерекшелігі:

Бірінше медиициналық көмекті жалпы профилді GP (General Practitioner) дәрігер көрсетеді, ол қысқа кеңес беріп, алғашқы ақпараттарды жинап алғаннан кейін маманның көмегі қажет болған жағдайда тиісті мамандарға бағыттайды.Маман-дәрігерлер арнайы аурулар бойынша мамандық алған медицина қызметкерлері. Пациент мекен-жайына қарамастан дәрігерді өз қалауы бойынша таңдай алады. Стомотологтың қызметін алу үшін алғашқы медициналық көмекті алмай ақ алуға болады.

Екпелер:

Аустралияға келу үшін арнайы екпелер алу қажеттігі жоқ. Тек сары ауру, масалар арқылы жұғатын қауіпті вирусқа қарсы екпе алу керек. Мұндай екпені келмес бұрын бір ай алдын алған жөн. Сонымен қатар іш сүзегі мен сіреспеге қарсы екпе алған жөн.

Медициналық сақтандару:

Кез келген виза аларда медициналық сақтандыру алу міндетті. Көмек түрі медициналық сақтандарудың түріне байланысты. Медициналық сақтандыру негізінен емнің 80% нан100%-на дейін төлейді. Аустралияның үкіметі бекіткен ресми емдік қызметтердің өзіндік бағасы көрсетілген тізім бар.

Жедел

Медициналық көмек:

Аустралиядағы барлық қызметтің түрлері медициналық сақтандыруда көрсетіледі. Медициналық сақтандарудың жарамдылығы біткеннен кейін, жедел жәрдемнің қызметі ақылы. Баға штатқа байланысты әртүрлі. Мысалы, ЖОУ штатында бұл баға 5000 долларға дейін баруы мүмкін.

Жедел ветеринарлық көмек:

Аса қиын жағдайлардан қашу үшін уақытылы тексерістерден өтіп тұру ұсынылады. Қожайын үй жануары үшін сақтандыру құжаттарын ала алады. Жануарлар үшін жедел жәрдем көмегін көрсететін жеке меншік ауруханалар бар. Сидней қаласы мен жақын аймақтар үшін келесі сілтеме бойынша өтуді ұсынамыз: http://www.sydneyanimalhospitals.com.au/Emergency-Care/http://www.sydneyanimalhospitals.com.au/Emergency-Care/

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік климат:

Бизнесті жүргізу жеңілдігіне байланысты (Doing Businessindex) мемлекет 189 мемлекеттің ішінен 13 орында тұр. Мемлекеттің негізгі ерекшелігі – кәсіпорынды тіркеудегі қарапайымдылық, сондай-ақ, жағымды кредиттік атмосфера, төмен пайыздар.

Пайдалытелефондар:

Аустралияға қоңырау шалу үшін:
8 - 10 - 61 – «қала коды» - «абонент нөмері».
Аустралияның барлық телефон нөмерлері 8 белгілі.
Кейбір қалалар үшін қала коды нөмерінің алдына«0» санын қоюмен басталады, мысалы:
Сидней – 02,
Мельбурн – 03,
Хобарт – 02,
Брисбен – 07,
Аделаида – 08,
Дарвин – 08,
Канберра – 02,
Перт – 08.

Басқа:

Теміржол, автобус вокзалы, әуежай, көлік қатынастарының қала орталығынан ара-қашықтығы:

Аустралия көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған санаулы елдердің бірі. Теміржол жүйесі керемет қызмет етеді. Аустралияның негізгі қалаларында белсенді қолданылатын қалалық теміржолдар жақсы дамыған.

Ішкі тасымалда автокөліктер негізгі рөлді атқарады. Жолдарды негізгі үш деңгейге бөліп көрсетеді:

Федералды жолдар, штаттық жолдар мен жергілікті жолдар. Федералды жолдар жүйесі Аустралияның барлық дерлік аймағын алып жатыр.

Сыртқы құралдарды авиация мен теңіз флоты қамтамасыз етеді.