Ресми атауы:

Армения (Армения Республикасы)

Астанасы:

Ереван

Ресми тілі:

армян тілі

Территориясы:

29.74 мың шаршы км.солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын

Халық:

3 млн. 17,4 мың адам (1 қаңтар 2014 ж. бойынша). Этникалық құрамы: (7 мың) армяндар (95,6%), езидтер (60 мың), орыстар (12.5 мың), украиндар (8 мың), ассириялықтар, гректер (6 мың), белорустар ( 1 мың.), еврейлер (700 адам.). Жұмыс жастағы азаматтар халық

Уақыты:

Ереванның сағаттық белдеуі: UTC+04:00 немесе +04. Барлық Армения аумағы бір сағаттық белдеуде орналасқан. Ереван мен Астана арасындағы айырмашылық: -02 :00

Мерекелік және демалыс күндері:

31 желтоқсан – 1,2 қаңтар - Рождестволық мерекелер және Жаңа жыл;

6 қаңтар - Рождество және Богоявление;

28 қаңтар – Армия Күні;

8 наурыз – Әйелдер күні;
24 сәуір - Армян геноцид құрбандарын еске алу күні;

1 мамыр - Еңбек күні;

9 мамыр - Жеңіс және Бейбітшілік күні;

28 мамыр - Тұңғыш Республика күні;

5 шілде - Конституция күні;

21 қыркүйек - Тәуелсіздік күні

Валютасы:

Драм

Климаты:

Шұғыл континентальді. Ел аумағы субтропиктік белдеуде жатыр. Қаңтардың орташа температурасы 0°С-тан 12°С -ка дейін, ал шілденің орташа температурасы +18°С-тан +24°С-қа дейін ауытқиды

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

«SCAT» авиакомпаниясы Ереван мен Ақтау арасындағы тура рейстерді жүзеге асырады. Қазақстаннан Арменияға басқа рейстер ауысып отырумен.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Азаматтардың өзара сапарлары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Келісімге сәйкес, басқа Тараптың мемлекет аумағында шекарасын өткен күннен бастап екі елдің азаматтары кіру, транзитпен еру, кету және болуы мүмкін.

Тоқсан күннен астам уақыт мерзімде басқа Тараптың мемлекет аумағына кіретін бір Тараптың азаматтарында қабылдаушы мемлекеттің визасы болу керек.

Олар тұрақты тұратын растайтын құжаттар болған жағдайда, басқа Тараптың аумағында тұрақты тұратын бір Тараптың азаматтары визасыз келу және кетуі мүмкін.