Ресми атауы:

Беларусь Республикасы

Астанасы:

Минск

Ресми тілі:

Белорус, орыс

Территориясы:

207 600 км²

Халық:

9 млн 499 576 мың адам

Уақыты:

Сағаттық белдеу UTC+3 Астана қаласы мен Беларусь Республикасы арасындағы уақыт айырмасы - 3 сағат

Мерекелік және демалыс күндері:

Мемлекеттік мерекелер, демалыс күндері және діни мерекелер (радуница – православие конфессиясының күнтізбесі бойынша). Бұл мереке белгіленген күні атап өтіледі және ол күн Пасха діни мерекесін өткізу күніне байланысты болады (православие конфессиясының күнтізбесі бойынша)

Валютасы:

Белорус рублі. Ақша айырбастау пунктері барлық ірі сауда орындарындарында бар

Климаты:

Орташа континенттік климат, атлантикалық теңіз ауасының айтарлықтай әсері бар (жиі циклондармен). Қаңтар айында орташа температура – минус 8 С, шілде айында плюс 18 С.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Автомобильді, авиациялық, (үшу кестесі: www.airport.by), темір жол (rw.by);

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық мәселелер:

Қазақстан Республикасының азаматтары Беларусь Республикасының аумағында 1 күнтізбелік жыл ішінде 90 тәулік болуға құқылы («Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Беларусь Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы» БР-ның 2010 ж. 4 қаңтардағы Заңы). Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы «ҚР азаматтарының Беларусь аумағында және БР азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы» 2013 ж. 9 қазандағы Келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Беларусь аумағында 30 тәуілікке дейін міндетті түрде белгіленген тіркеуден босатылады.

Төлқұжаттың жарамдылығы:

Қазақстан Республикасының азаматтары Беларусь Республикасына дипломатиялық, қызметтік, ұлттық паспорттармен және теңізші паспортымен кіруге құқылы.

Кедендік бақылау:

Қазақстан Республикасынан Беларусь Республикасының аумағына келгенде кедендік бақылау жүргізілмейді. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарларды ЕАЭК кедендік одағының белорус аймағының шекарасы арқылы өткізу тәртібі «Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы» Келісімі арқылы жүзеге асырылады.

- жеке пайдалануға арналған кейбір тауарларды әкелу/әкету тәртібі туралы: үй жануарлары, пневматикалық қару-жарақ, марапаттар, ордендер, медальдар, азаматтық қару, құрамында психотропты және еліткіш заттар бар дәрі-дәрмектер;

- қолма-қол ақшаны және ақша құралдарын алып өту тәртібі;

- жеке пайдалануға арналған, рұқсат етілмеген немесе алып кіруге шектеу салынған, Кедендік одақтың кедендік аумағына әкелуге/әкетуге болатын тауарлардың тізімі туралы;

- жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу/әкету тәртібі туралы;

- кедендік төлемдері бар жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібі туралы;

- жеке пайдалануға арналмаған тауарлардың тізімі туралы;

- Беларусь Республикасына тұрақты тұруға қоныс аудару кезінде жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарларды алып өту тәртібі туралы;

- жеке пайдалануға арналған тауарларды халықаралық поштамен жіберу кезінде кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері туралы;

- кедендік бақылау мен Беларусь Республикасының кедендік тәртібі туралы ақпаратты www.gtk.gov.by сайтынан білуге болады.

Әкелуге/әкетуге тыйым салынған заттар:

Беларусь Республикасының кедендік заңнамасы туралы толық ақпаратты www.gtk.gov.byкөруге болады.

Беларусь Республикасының аумағынан жабайы өсетін дәрілік шикізат, сынық пен қара, түсті және қымбат металлдардың қалдықтарын (жартылай дайын өнім мен дайын өнімдерді қосқанда) шығаруға тыйым салынған;

Беларусь Республикасының аумағына алып кіруге тыйым салынған: 4 данадан аспайтын пайдаланылған пневматикалық резеңке дөңгелектер (шиналар), 5 л-ден аспайтын алкогольді сусындар, 200 дана шылым немесе 200 г. темекі немесе басқа темекі өнімдері, 5 литрден аспайтын құрамында спирті бар (тағамдық емес) өнімдер, тағамдық емес этил спирті мен алкогольді өнімге жататын этил спирті.

Беларусь Республикасына әкелуге/әкетуге тыйым салынған: баспа және аудиовизуалдық материалдар мен Республиканың саяси немесе экономикалық мүдделеріне зиян келтіретін, оның ұлттық қауіпсіздігіне және халқының денсаулығы мен адамгершілік қасиетіне нұқсан келтіретін басқа да ақпарат тасымалдағыштары, жарылғыш заттар, қопарғыш жабдықтар, жару құралдары, шартты залалды және залалды генно-инженерлік организмдер.

Санитарлық
бақылау:

Екпе жөніндегі сертификат талап етілмейді

Фитосанитарлық
бақылау:

Екпе жөніндегі сертификат талап етілмейді

Ветеринарлық
бақылау:

Үй жануарларын әкелген жағдайда, құтыруға қарсы екпе жөніндегі белгісі бар мал дәрігерлік (ветеринарлық) куәлік талап етілуі мүмкін.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қатер:

Террористік қауіп-қатер деңгейі төмен

Қылмыскерлік:

Криминогендік жағдай республикалық құзыретті органдармен бақылануда

Елдің әртүрлі аймақтарына бару:

Мемлекет ішінде жүру (қатынау) еркін түрде жүзеге асырылады

Құқық қорғау органдары ұстаған жағдайдағы сіздің әрекеттеріңіз:

Беларусь Республикасының құқық қорғау органдары тоқтатқан немесе қамауға алған жағдайда, Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігімен хабарласу қажет: тел. (375-17) 276 01 10



Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктері:

Жол қозғалысы туралы тәртіп қазақстандық ережелерге үқсас

Отынның негізгі түрлері:

Бензин:

АИ-92 және АИ-95 маркалары бойынша 1 литрдің орташа бағасы 190 және 204 теңгені құрайды. Дизель отынының орташа бағасы 172 теңгені құрайды

Көлікті тұрақтату орнының болуы:

Автокөліктерді қою орындары жеткіліксіз. 1 сағатқа автокөлікті қоюдың орташа бағасы 180 теңгені құрайды

Жол салығын төлеу қажеттілігі:

Жол салығын төлеу көзделмеген. 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Беларусь Республикасында жүріп өту үшін Beltoll электронды ақыны жинау жүйесі іске қосылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдары ақылы жолдармен өту кезінде төлемақы келесі жағдайда төленеді: жалпы салмағы 3,5 тоннадан асатын көлік құралы, Кеден одағынан тыс жерлерде тіркелген көліа құралдары (салмағы 3,5 тоннадан аз болған жағдайды қосқанда). Аталған жүйеде Beltoll қызмет көрсету пунктерінде арнайы оқығыш құралын сатып алуды және орнатуды көзделген.

Төлеу тәртібі бұзылған жағдайда, көлік құралының иесінен ұлғайтылған көлемде төлем алынады (көлік құралының түріне және ақылы жолмен жүрудің арақашықтығына байланысты). Қосымша ақпаратты

Beltoll ресми сайтынан (www.beltoll.by) алуға болады.

Міндетті сақтандыру полисін сатып алу тәртібі:

Green Cаrd пайдалануға болады. Егер ол карта жоқ болған жағдайда, автокөлікті «Белгосстрах» компаниясында сақтандыруға болады.

Қазақстанның жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Үш жыл мерзімінде қазақстандық үлгідегі ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалануға болады.

Автомобильді сақтандыру:

Бір жылға автокөлікті сақтандыру 300 АҚШ долларын құрайды

Автокөлік құралдарын жалдау:

Өкілдік класстағы автокөлікті жалдау 1 сағатына 25 АҚШ долларын құрайды, эконом. класстағы автокөлікті жалдау тәулігіне – 20 АҚШ долл. құрайды. Кепіл - 1000 АҚШ долл. құрайды.

ЖКО жағдайындағы сіздің әрекеттеріңіз:

Қазақстан аумағында жол апаты кезінде атқарылатын іс-шараларға ұқсас.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

Қазақстандағыға ұқсас

Қылмыстың алуан түрлері үшін жаза:

Беларусь Республикасының Қылмыстық Кодексінің 431-бабы. Парақорлық. 1) пара берілген үшін келесі шаралар қолданылады: екі жылға дейін түзеу еңбегі немесе алты айға дейін қамауға алу немесе екі жылға дейін бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру. 2) Қайта немесе ірі көлемде пара берілген үшін бес жылға дейін бостандығын шектеу немесе екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. 3) аталған Кодекстің 430,431,432 баптары бойынша бұрын құқық бұзушылық үшін сотталған адамға пара бергені үшін мүлкі тәркіленумен/тәркіленусіз бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Көшелерде, стадиондарда, алаңдарда, саябақтарда, қоғамдық көліктерде және басқа да қоғамдық орындарда сыра немесе әлсіз алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жазаны қолдану қарастырылған (оларды ішуге рұқсат берілген арнайы орындарды қоспағанда).

Елдің отбасылық заңнамасы:

Беларусь Республикасының неке және отбасы туралы Кодексімен реттеледі

Шетелдіктердің ел аумағынан меншік сатып алуы туралы жергілікті заңнама:

Шетел азаматтары жер сатып алу мүмкіндігінен айырылған (жер телімін туысқандарынан мұра ретінде алған жағдайды қоспағанда). Жылжымайтын мүлікті меншікке сатып алуға рұқсат етілген.

Денсаулық сақтау:

Денсаулық үшін қауіптер, сипатты аурулар:

Қазақстандағыға ұқсас

Медициналық қызмет ету ерекшеліктері:

«Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық» туралы Келісімнің 3-бабына сәйкес республикалық денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан азаматтарына жедел және шұғыл медициналық көмекті тегін түрде көрсетулері тиіс. Денсаулық сақтау мекемелерінің жолдамасы арқылы жоспарланған медициналық көмек жіберуші жақтың нақты шығындарды өтеуімен жүзеге асырылады немесе екіжақты тиісті келісімдердің шарттарына сәйкес жүргізіледі.

Екпелер:

Елге кіру кезінде екпе талап етілмейді

Медициналық сақтандыру:

Елге кіру кезінде қазақстандық азаматтарға медициналық сақтандыру талап етілмейді

Жедел медициналық көмек:


Телефон – 103, Минск қаласының дәріханалық анықтама бюросы – 169. Толық ақпаратты Беларусь Республикасының мемлекеттік дәріханалық www.pharma.by порталынан білуге болады.

Шұғыл ветеринарлық көмек:


Ветеринарлық госпиталь – тел. (8 017) 228 56 62

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік ахуал:

Беларусь Республикасының экономикасы әлеуметтік бағыттағы нарықтық моделдің қағидаттарына негізделген. Өндірістік, энергетикалық, көлік, тау-кен өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және банк секторлары сияқты салалар көбінесе мемелекет меншігінде (жеке сектордың шамалы үлесі бар). Орталықтандырылған бөлу және жоспарлау (макроэкономикалық көрсеткіштерді қоспағанда) жоқ. Мемлекет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттейді. Елде энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, химиялық және ағаш өнеркәсібі, құрылыс, құрылыс материалдарын жасау және кен игеру өнеркәсібі дамыған. Белорусияның проблемаларының бірі көмірсутектің тапшылығы болып саналады. Сол себепті мұнай мен газдың айтарлықтай бөлігін импорттайды. Мемлекетте тартымды іскерлік-ахуалды құру үшін шаралар қолдануда. Дүниежүзілік банктің Тобының «Бизнесті жүргізу-2017» тақырыптағы есебінде Беларусь 190 елдің ішінде 37 орынды алды.

Еңбек қызметі еңбек шартымен (келісіммен) қолданыстағы еңбек туралы заңнаманың талаптарына сәйкес реттеледі.

Пайдалы телефондар:


Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші бөлімі – 101, милиция – 102, жедел медициналық жәрдем – 103, Минск қаласының анықтама бюросы – 109.

Басқа:

Қоғамдық көлікте жүру – 90 теңге төңірегінде тұрады, таксимен 1 км үшін – 100 теңгені құрайды.

Орта буындағы ресторанда тамақтану – 3500 тенгені, орта буындағы қонақүйде тоқтау тәулігіне – 55 АҚШ долларын құрайды. Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлар сататын дүкендердің жұмыс уақыты Қазақстандағыға ұқсас. 3G мобильді (ұялы) байланысы кеңінен таралған. Банкоматтар, кредит карточкалары кеңінен таралған және ақша айырбастау пунктері барлық ірі сауда орындарында бар. Кредиттің карталармен төлеу жүйесі дамыған. ta[ free рәсімдеу тәжірибесі жоқ. Электр кернеуі 220 В құрайды.

Қала орталығынан теміржол, автобус вокзалдарының және әуежайдың қашықтығы, олармен көлік қатынасы:

Теміржол вокзалы Минск қаласының орталығында орналасқан («Ленин алаңы» метро станциясы). Минск Ұлттық әуежайы қаладан 31 км қашықтықта орналасқан. Минск Ұлттық әуежайынан Минск қаласына (кері қарай) №300Э, №173Э рейстік автобустар мен №1400-ТК, №1430-ТК маршрутты такси жүреді. №300Э автобусы «Центральный» автовокзалына дейін және «Уручье» метро станциясына дейін жүреді. Ресми тасымалдаушы «Минсктранс». «Минск-Пассажирский» метро станциясынан Минск қаласының Ұлттық әуежайына дейін (кері қарай) күнделікті 5 жұп пойыз жұмыс істейді. Жолаушыларды Минск қаласының Ұлттық әуежайының теміржол тоқтайтын орыннан аэровокзалдық кешеніне дейін (кері қарай) автобуспен жүргізіледі.