Ресми атауы:

Бельгия (Бельгия Корольдігі)

Астанасы:

Брюссель

Ресми тілі:

Нидерланд, Француз, Неміс тілдері

Территориясы:

30.5 мың км2. Шекараның ұзындығы – 1445 км. Солтүстігінде Нидерландымен, Шығысында Германиямен, Батысында және Оңтүстігінде Франциямен, Оңтүстік-шығысында Люксмебургпен шектесіп, Солтүстік-батысында Солтүстік теңізбен шайылады.

Халық:

11 млн. 350 мың адам. 51% - әйелдер, 49% - ерлер. Орташа жас – 40 жас. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы – 78 жыл.

Уақыты:

Уақыт белдеулері UTC+1, летом UTC+2. Уақыт айырмашылығы жазда – 4 сағат, қыста – 5 сағат. Жазғы/қысқы уақытқа ауысу жүзеге асырылады

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар – Жаңа жыл;

1 мамыр – Еңбек күні;

13 мамыр – Ғибадат күні;

24 мамыр – Қасиетті Үштік күні;

11 шілде – Нидерланд мәдени қоғамдастығының мейрамы;

21 шілде – Король Леопольд І конституцияға адалдық антын берген күні;

27 қыркүейк – Француз тілді мәдени қоғамдастығының мейрамы;

1 қараша – Барлық қасиеттілердің күні;

11 қараша – Бітім күні;

15 қараша – Король күні;

25 желтоқсан – Рождество.

Валютасы:

Еуро

Климаты:

Континеталды, ылғалды

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Көліктік байланыс әуе жолы арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанна Бельгияға тікелей рейстер жоқ.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық мәселелер:

Еліміздің Солтүстік өңірлерінің тұрғындарына Іскерлік, туристік және жеке визаларды Австрияның Астанадағы, ал Мажарстанның Алматыдағы Консулдығы береді.

Бельгияның Мәскеудегі (Ресей) Елшілігі дипломаттық, қызметтік, жұмыс және студенттік визаларды береді.

Ықтияр хатты алу. Бельгияға үш айдан артық уақытқа келген шетел азаматы ықтияр хатты елге келгенде тіркелген және тұрып жатқан мекенжай орналасқан коммунадан алуға мүмкіндігі бар.

Ықтияр хаттың мерзімі сапардың нақты мақсатының уақытымен анықталады: оқу, тағылымдама және т.б. Егер оның мерзімі белгіленбесе онда ықтияр хат бір жылға беріледі және оны жыл сайын қалыптасқан тәртіпке сәйкес коммунада ұзарту мүмкіндік бар.

Ықтияр хат Бельгияның шетелдегі Елшілігінен сұралады. Бельгияға келген шетел азаматы алдымен коммунадан тіркелгені туралы куәлік алады. Егер оның арызы оңды қарастырылса ІІМ коммунаға шетелдіктердің регистріне енгізілгені туралы куәлік немесе ықтияр хат беру туралы нұсқау береді. Егер ІІМ жауабы қарсы болса онда тіркелгені туралы куәлік одан алынып, Бельгия аумағынан кетуге нұсқау беріледі. (көбінесе екі аптаның ішінде).

Балармен сапар шегу. Балалармен сапар шеккенде нотариалдық түрде рәсімделген ата-анасының келісімі туралы құжат керек. (қамқоршы, жанашыр). Құжатқа апостиль қойылуы қажет.


Төлқұжаттың жарамдылығы:

Виза алу үшін визаның мерзімі біткеннен кейін паспорттың жарамдылығы 6 ай болу қажет.


Кедендік бақылау:

Бельгия мен Люксембургте Еуропа Одағының бажсыз енгізу тәртібі қолданылады.

Спиртті ішімдіктер мен темекілер:

- 22 % жоғары спирттік ішімдіктер, крепостью 80 % жоғары денатурироваланбаған этил спирті — 1 бөтелке (1 литрге дейін) болмаса спиртті ішімдіктер шараптың негізінде (таффия, саке және сол сияқты 22 % дейін және одан төмен);

- көбікті шарап, күші жоғары шарап — 1 бөтелке (1 литрге дейін);

- көбіксіз шарап — 2 литр;

- темекі өнімдері — 50 сигарет немесе 10 сигар, 50 грамм табак.

Басқалар: Парфюмерия өнімдері: 50 г духи немесе 250 г (8 унций) туалет суы.

Кофе: 500 г кофе немесе 200 г кофе экстракты.
Шай: 100 г шай немесе 40 г шай экстракты.

В Бельгии и Люксембурге действуют общееэсовские правила беспошлинного ввоза.


Әкелуге/әкетуге тыйым салынған заттар:

Қару-жарақ, есірткі, тез бұзылатын тағамдар, жануарлардан дайындалған азық-түліктер

Санитарлық
бақылау:

Барлық уақытта тексермейді

Фитосанитарлық
бақылау:

Барлық уақытта тексермейді

Ветеринарлық
бақылау:

Шекарада тексереді. Қазақстанда арнайы анықтама алу қажет.


Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қатер:

2016 жылғы наурызда Брюссельде болған террористік актілерден кейін елде террористік қауіптің үшінші деңгейі орын алуда.


Қылмыскерлік:

Соңғы уақытта қылмыскерліктің деңгейі жоғарылауда. Оның ішінде көшедегі ұрлық пен қарақшылықтың саны көп. Шетелдіктерге біреузі мұсылмандар тұратын аймақтарға және қараңғы көшелерде жүруден аулақ болуы керек.


Елдің әртүрлі аймақтарына бару:

Бельгия мен Люксембурте шетел азаматтары баруға болмайтын аумақтар жоқ.


Құқық қорғау органдары ұстаған жағдайдағы сіздің әрекеттеріңіз:

Егер шетел азаматы елдің заңы мен тәртібін бұзбаса оны құқық қорғау органдары тоқтатпайды. ҚР азаматы құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Елшілікке хабарласа алады.


Жол жүру тәртібі:

Отынның негізгі түрлері:

Бензин және дизель

Көлікті тұрақтату орнының болуы:

Авто тұрақтар ақылы (көп жағдайларда жексембі тегін).

Жол салығын төлеу қажеттілігі:

Бельгия мен Люксембургте ақылы жолдар жоқ.

Міндетті сақтандыру полисін сатып алу тәртібі:

Шетел азаматы виза аларда қамсыздандыру полисін алуы қажет.

Қазақстанның жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Шетел ел аумағында ұзақ уақыт тұратын болса Қазақстанның жүргізуші куәлігін жергілікті куәлікке ауыстыруы қажет.

Автомобильді сақтандыру:

Міндетті түрде


Автокөлік құралдарын жалдау:

Авто көлікті жалға алуға болады


ЖКО жағдайындағы сіздің әрекеттеріңіз:

Егер қаза тапқан және жараланғандар болмаса қамсыздандырушы компанияға хабарласу қажет. Егер жол апаты күрделі ауыр болса онда полиция шақыру қажет.


Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

Қазақстан азаматтары жағымсыз жағдайларда қалмауы үшін төмендегідей кеңес береміз:

- жергілікті халықтың өмір сүру қалпымен санасып, оларға жылы көңілмен қарау;
- төзімділік таныту, дөрекілік көрсетпеу, дауыс көтермеу, жергілікті халықтың абройын төкпеу;
- жергілікті салт-дәстүрді құрметтеу, жергілікті мәдениетке және де осы елдердің басшыларына тіл тигізіп, балағаттамау;
- Бельгияда 3 мемлекеттік тіл бар екенін ескеру, елдің кейбір аумағында тұрғындары тек сол өңірдің тілінде ғана сөйлейді. Брюссельде негізінен француз тілінде сөйлейді және қалған тілдерде де сөйлейтін тұрғындар көптеп кездеседі. Ағылшын тілінде сөйлейтіндер барлық аумақтарда көп. Валлонияда француз тілінде ал Фландрияда фламанд тілінде сөйлейді.

- Көпшілік орындарында көшеде ішімдік ішіп алып жүрмеу және арнайы белгіленбеген жерлерде спиртті ішімдік ішпеу қажет.

Бельгияның заңына сәйкес кез келген адам полиция тексергенде көрсететін өзінің жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.Турист үшін паспорт жеткілікті.


Қылмыстың алуан түрлері үшін жаза:

1-ші деңгейлі тәртіп бұзушылық: бұрылу шамын, қауіпсіздік белбеуін қолданбау, Автобустар арналған жолдарды жүріп, шұғыл тоқтауға арналған орындарды қолданған, — 50 евро айыппұл.

2-ші деңгейлі тәртіп бұзушылық: бағдаршамның сарысына өту, оң жақтан озу, мүгедектерге арналған орынға машина қою, жол жүріп бара жатып телефонмен сөйлесу, ара қашықтықты сақтамау үшін — 100 евро айыппұл.

3-ші деңгейлі тәртіп бұзушылық:бағдаршамның қызылына өткені, ереженің басымдылығын сақтамаған, тиым салынған жерлерде озған, темір жол өткелінде озған, жаяу жүргінші мен велосипедтегі адамға қауіп төндірген үшін —150 евро.

4-ші деңгейлі тәртіп бұзушылық: Бұрылыс пен дөңге көтерілу кезінде озған, темір жол өткелінде сигналдарға мән бермеген,жылдам трассаларда кері бұрылған үшін сот ісін қарайды.


Елдің отбасылық заңнамасы:

Жанұя қатынастары елдің 1804 жылғы 21 наурыздағы Азаматтық Кодексімен реттеледі (21 mars 1804. - code civil - titre preliminaire et livre i : des personnes (art. 1-515).


Шетелдіктердің ел аумағынан меншік сатып алуы туралы жергілікті заңнама:

Шетел азаматтарының ел аумағындағы жылжымайтын мүлікті сатып алуы да елдің 1804 жылғы 21 наурыздағы Азаматтық Кодексімен реттеледі (21 mars 1804. - code civil - titre preliminaire et livre i : des personnes (art. 1-515). Шетел азаматтары ел аумағынан жылжымайтын мүлікті ел азаматтары сияқты заңға сәйкес сатып ала алады. Бірақ ол оған жергілікті ықтияр хат алуына мүмкіндік бермейді.

Денсаулық сақтау:

Денсаулық үшін қауіптер, сипатты аурулар:

Елге тән аурулар табылмаған.


Медициналық қызмет ету ерекшеліктері:

Бельгияның денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі елеулі түрде жоғары. Медициналық қызметтің барлық түрлері жергілікті халыққа да , шетел азаматтарына да ақылы. Қамсыздандыру компаниялары шығындардың басым бөлігін қайтарады.

Бельгияда дәрілердің көбі арнайы дәрігердің рецептімен сатылады. Рецептсіз тек ауруды жеңілдететін және қызуды түсіретін дәрілер және жеке гигиена заттары сатылады.

Екпелер:

Міндетті емес

Медициналық сақтандыру:

Халықаралық медициналық қамсыздандыру полисі қажет.

Жедел медициналық көмек:

Жедел жәрдем бөліміне баруға болады немесе 100 нөміріне телефон шалып жедел жәрдем шақыртуға болады.

Шұғыл ветеринарлық көмек:

0497 40 04 00 телефоны арқылы Ветеринарлық клиникаға хабарласуға болады.


Қосымша мәліметтер:

Пайдалы телефондар:

Өрт сөндіру қызметі — 100.
Полиция — 101.
Жедел жәрдем — 100.

Қала орталығынан теміржол, автобус вокзалдарының және әуежайдың қашықтығы, олармен көлік қатынасы:

Железнодорожные и автобусные вокзалы находятся в черте городов. Международные аэропорты находятся в близи города (Брюссель Национал и Шарелеруа). Транспортное сообщение с ними хорошо налажено.