Ресми атауы:

Бразилия ( Бразилия Федеративтік Республикасы)

Астанасы:

Бразилиа

Ресми тілі:

Португал тілі

Территориясы:

8,515,770 шаршы км

Халық:

205,823,665 (2016 ж. шілдедегі жағдай бойынша)

Уақыты:

Бразилиятөрт сағаттық белдеуде орналасқан (UTC−5, UTC−4, UTC−3 и UTC−2).Астана мен Бразилиа арасындағы уақыт айырмашылығы жазғы кезеңде 9 сағатты, ал қысқы кезеңде 8 сағатты құрайды.

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар – Жаңа жыл

Акпан – Бразилиялық карнавал

Сәуір - Пасха

21 сәуір – Тирадентис ұлттық батырдың күні

1 мамыр – Еңбек күні

7 қыркүйек – Тәуелсіздік күні

12 қазан – Балалар күні

2 қараша – Әулиелер күні

15 қараша – Республика күні

25 желтоқсан – Рождество

Валютасы:

Бразилиялық реал (айырбастау курсы: 1 реал = 99,72 теңге, 2016ж. қарашадағы жағдай бойынша) BRL немесе R$ деп белгіленеді. 1 реал 100 сентавоға (centavo) тең. Существуют банкноты достоинством в 2, 5, 10, 20, 50 және 100 реал құнды банкноттар және 1 реал, 5, 10, 25 және 50 сентаво құнды тиындар бар. Шетелдік валютаны елдегі банктарда ауыстырған жөн. Банктер жұмыс күндері сағат 10:00-ден 15:00-16:30-ға дейін жұмыс істейді.

Климаты:

Үш климаттық аймақ: эквотариалдық, тропикалық, субтропикалық.

Түнде орташа темпиратура +11 және +15 градус аралығында, күндіз температура +27 және +34 градус аралығында.

Бразилияның Оңтүстік жартышарда орналасқанына байланысты, жыл мезгілдері айлармен салыстырғанда Қазақстаннан ерекше.

Көктем қыркүйек-желтоқсан айларында орын алады, жаз мезгілі жетоқсанда басталып, наурыз айының ортасына дейін жалғасады, күз наурыз айының жиырмаларында басталып, маусымда аяқталады. Қыс шілде айының аяғында және қыркүйек айына дейін созылады.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Қазақстан мен Бразилия арасында (Астана мен Алматыдан Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Бразилиа қалаларына) әуе жол жүру Амстердам, Франкфурттағы-Майн, Ыстанбұл, Абу-Даби қалалары арқылы транзитпен өтетін Air Astana, KLM, Lufthansa, Etihad, Turkish Airlines әуе компанияларымен жүзеге асырылады. Үшу уақыты шамамен 16 сағат 35минутты (түйісу уақытын ескермегенде), қашықтығы – 13674 км құрайды.