Ресми атауы:

Грузия

Астанасы:

Тбилиси

Ресми тілі:

Грузин тілі

Территориясы:

69700 км²

Халық:

3 729 500 адам

Уақыты:

Сағаттық белдеу UTC+4. Тбилиси мен Астана арасындағы уақыт айырмасы +2 сағат

Мерекелік және демалыс күндері:

1 - 3 қаңтар — Жаңа жыл;
7 - 9 қаңтар — Рождество;
19 қаңтар — Шоқыну мерекесі;
3 наурыз — Аналар күні;
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні;
9 сәуір — Қаза болғандарды еске алу күні;
Пасха;
26 мамыр — Тәуелсіздік күні;
28 тамыз — Құдай анна күні;
14 қазан — Светицховлоба грузин православ мерекесі;
23 қараша — Әулие Георгий күні.

Валютасы:

Лари (1 лари = 100 тетри). 2016 ж. қарашадағы бағам - 1 лари = 0.40 АҚШ доллары

Климаты:

Құрлықтық, батыс бөлігінде - субтропикалық

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Қазақстанмен көлік қатынасы: «Air Astana» авиакомпаниясы аптасына екі рет Астана-Тбилиси-Астана бағыты және аптасына бес рет Алматы-Тбилиси-Алматы бағыты бойынша авиарейстерді жүзеге асырады. Бұған қоса, «Scat» авиакомпаниясы аптасына екі рет Ақтау-Тбилиси-Ақтау бағыты бойынша авиарейстерді жүзеге асырады. Жазғы демалыстар маусымында рейстер санының ұлғайтылуы мүмкін.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық мәселелер:

Қазақстан Республикасы азаматтарының Грузияға кіруі үшін виза талап етілмейді.
Елде болудың рұқсат етілген мерзімі - 360 тәулікке дейін, бұл аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтары Грузияның Азаматтық тізілім агенттігінен уақытша немесе тұрақты тұру рұқсатын алуға міндетті.

Төлқұжаттың жарамдылығы:

Грузияға Қазақстан Республикасы азаматының кіруі қолданылу мерзімі кез келген күнде аяқталатын болса да жарамды шетелдік төлқұжаты бойынша жүзеге асырылады.

Кедендік бақылау:

Грузияға әкелген кезде мыналар міндетті кедендік декларациялануы тиіс:
- коммерциялық қызметке арналған тауарлар;
- өнер және антиквариат заттары;
- өсімдіктер мен жануарлар;
- жоғары жиіліктің радиоэлектронды құрылғылары немесе байланыс құралдары;
- радиоактивті құралдар.

Әкелуге/әкетуге тыйым салынған заттар:

Санитарлық
бақылау:

Фитосанитарлық
бақылау:

Ветеринарлық
бақылау:

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қатер:

Грузиядағы ішкі саяси ахуал тұрақты болып табылады.

Қылмыскерлік:

Тұтас алғанда, Грузиядағыкриминогендік ахуал тұрақты болып табылады. Соңғы жылдары қалта ұрлығы мен тонау деңгейінің өскені тіркелді.

Елдің әртүрлі аймақтарына бару:

Грузияның бүкіл аудандары туристердің баруына ашық.

Құқық қорғау органдары ұстаған жағдайдағы сіздің әрекеттеріңіз:

Елшіліктің Консулдық бөліміне жүгіну

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктері:

Көліктегі тәртіпті қадағалауды патрульдік полиция жүзеге асырады, ол ЖКО кезінде қажетті тергеу амалдарын да орындайды. Жол инфрақұрылымы айтарлықтай жақсы дамыған.

Отынның негізгі түрлері:

Бензин, солярка, газ.

Көлікті тұрақтату орнының болуы:

Қалаларда автокөлік паркингінің проблемасы бар.

Жол салығын төлеу қажеттілігі:

Жол салығы жоқ.

Міндетті сақтандыру полисін сатып алу тәртібі:

Сақтандыру полисін сатып алу ерікті болып табылады.

Қазақстанның жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Қазақстанның жүргізуші куәлігін Грузия аумағында 1 жылға дейін пайдалануға болады

Автомобильді сақтандыру:

Сақтандыру полисін сатып алу ерікті болып табылады.

Автокөлік құралдарын жалдау:

Жалдау бағасы автокөлік құралының класына байланысты және 30 АҚШ долларынан басталады.

ЖКО жағдайындағы сіздің әрекеттеріңіз:

112 нөмірі бойынша төтенше қызметке қоңырау шалу, олардың келуін күту және патрульдік полиция өкілдерінің заңды талаптарына бағыну. Құқық бұзылған жағдайда Елшіліктің Консулдық бөліміне жүгіну керек.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

Қылмыстың алуан түрлері үшін жаза:

«Басып алған аумақтар туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Заңға сәйкес Абхазияға және Оңтүстік Осетияға Грузиядан тыс жерден кіру 5 жылға дейін бас бостандығынан айыратын қылмыстық жазалауды немесе 5 мың лариге дейінгі әкімшілік айыппұлды қарастырады.

Елдің отбасылық заңнамасы:

Отбасылық заңнамасы жалпы қабылданған нормаларға сәйкес келеді және сот тәртібімен реттеледі.

Шетелдіктердің ел аумағынан меншік сатып алуы туралы жергілікті заңнама:

Шетел азаматтарына жер телімдерін, жылжымайтын мүлікті сатып алуына рұқсат берілген. Грузин экономикасына инвестициялар Грузияда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін негіздеме бола алады.

Денсаулық сақтау:

Денсаулық үшін қауіптер, сипатты аурулар:

Жоқ

Медициналық қызмет ету ерекшеліктері:

Шетелдік азаматтар үшін Грузияда медициналық қызмет ету ақылы болып табылады.

Екпелер:

Екпелер Грузияның Денсаулық сақтау министрлігінің күнтізбесі бойынша жүргізіледі.

Медициналық сақтандыру:

Елде медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Шетелдіктерге Грузияда медициналық сақтандыруды сатып алу ұсынылады.

Жедел медициналық көмек:

Шетелдік азаматтар үшін Грузияда медициналық қызмет ету ақылы болып табылады.

Шұғыл ветеринарлық көмек:

Төтенше ветеринарлық көмек ақылы негізде тікелей ветеринарлық клиникаларда көрсетіледі.

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік ахуал:

Шетел азаматтарының ел аумағында кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерлік қызметін бастауы үшін мемлекеттік тіркелу қажет. Бұл рәсім өте қарапайым. Әділет Министрлігінің Бұқаралық тізілім агенттігі мұндай тіркеуді өтініш берілген кезден бастап үш күннің ішінде жүргізуге міндетті.

Пайдалы телефондар:

Өрт сөндіру қызметінің, полицияның, жедел медициналық көмектің бірыңғай нөмірі — 112.
Кеден қызметінің анықтамасы — 077.

Басқа:

Қала орталығынан теміржол, автобус вокзалдарының және әуежайдың қашықтығы, олармен көлік қатынасы:

Автомобиль және теміржол воказалдары қалаларда орналасқан, әуежайларқалалардың орталықтарынан 5-10 кмшегінде орналасқан.