Ресми атауы:

Мысыр (Мысыр Араб Республикасы)

Астанасы:

Каир қаласы

Ресми тілі:

Араб әдеби тілі

Территориясы:

1001,4 мың шаршы км. яғни, аймақтың 96%-ы шөлді дала, 4%-ы Ніл өзенінің алқабы мен атырауы.

Халық:

91,3 млн. адам (2016 жылғы тамыз айындағы санақ бойынша). Оның 10 миллионнан астамы шетелдерде өмір сүруде

Уақыты:

Каир мен Астананың уақыт айырмашылығы: +4 (плюс төрт сағат).

Мерекелік және демалыс күндері:

Мысырлықтар зайырлы, ұлттық мерекелермен қатар, діни мерекелерді де атап өтеді.

1 қаңтар – Жаңа жыл.

22 ақпан, 25 сәуір - 1973 ж. Қазан соғысында Синайды азат ету күні;

18 маусым - британдық әскерлердің Мысырдан шығарылған күні;

23 шілде - 1952 ж. Революция күні;

23 қыркүйек - 1956 ж. Израильді жеңген күні;

6 қазан - Суэц каналының берілу күні;

24 қазан - 1973ж. Египет армиясының Суэцке кірген күні;

23 желтоқсан – 1956ж. Мысыр армиясының Порт-Саидқа кірген күні.

Ислам мерекелері:

Маулид-ән-Нәби –Мухаммед пайғамбардың туылған күні.

Рамазан – исламдағы басты мерекелердің бірі, мұсылман күнтізбесінің тоғызыншы айына дәл келеді, бір ай бойы мұсылмандар ауыз бекітеді. Рамазан айы кезінде діндарлардың сезімдерін қорлауға жол бермеу мақсатында шетелдіктерге темекі шекпеуге, қоғамдық орындарда тамақ ішпеуге кеңес беріледі.

Ид-аль- фитр – Ораза айт, Рамазан айы аяқталысымен басталып, үш күнге созылады.

Ұлттық мерекелер (жұмыс күндері болып саналмайды).

Валютасы:

Мысыр фунты (1 АҚШ долл.= 17.1403 мысыр фунты, 20 қараша 2016 ж.)

Климаты:

Ел субтропикалық (солтүстік бөлігі) және тропикалық (басым бөлігі) климаттық аймақтарда орналасқан. Мысыр Сахара шөлімен жалғасып жатыр. Жазы өте ыстық, кейде температура 50 градусқа жақындайды, бірақ түні одан анағұрлым салқынырақ, тәуліктік температура күрт өзгермелі, ал маусым аралық онша алшақтамайды.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Тұрақты тікелей рейстер жоқ. «Алматы-Шарм-аш -Шейх-Алматы» бағытында чартерлік рейстер қызмет көрсетеді.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық мәселелер:

Мысырға бару үшiн Қазақстан азаматтарына виза ашу қажет.
Виза Астанадағы Мысыр Елшілігінде беріледі.

Паспорттың жарамдылығы:

Мысырға келетін шетелдіктердің паспорттары елге кіруі жоспарланған күннен бастап алты ай бойына жарамды болуы тиіс.

Кедендік бақылау:

Мысырға кіруші әрбір адам зергерлік бұйымдарын, электрондық жабдықтарын ресми түрде мәлімдеулері қажет. Ресми мәлімделмеген барлық заттар тәркіленуі мүмкін. Барлық санаттағы жолаушылар үшін 10 мыңға дейінгі АҚШ долларын кіргізуге және шығаруға рұқсат етіледі.
Жеке қолданысқа арналған заттарды кедендік ресми мәлімдеусіз кіргізуге және шығаруға болады.

Кіргізуге/шығаруға тыйым салынған заттар:

Мысырға кіргізуге тыйым салынған заттар:
- Ислам нормаларына, моральі мен үлгі-өнегесіне қайшы келетін бейне жазбалар, кинофильмдер мен баспа өнімдері;
- Есірткі, құрамында есірткі заттардың үлкен дозасы бар дәрілік заттар;
- Қарудың барлық түрлері.
Мысырдан әкетуге тыйым салынады:
- Маржан және теңіз фаунасына қатысты заттар;
- Тарихи маңызы бар заттар.

Санитарлық
бақылау:

Фитосанитарлық
бақылау:

Ветеринарлық
бақылау:

Үй жануарларының барлық түрін тасымалдап әкелу кезінде барлық егу туралы белгілер қойылған ветеринарлық қызметтің нақты сертификатын, сонымен қатар құтырма ауруына қарсы егу егілгендігі туралы анықтаманы көрсету қажет.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қауіп:

Ә.Ф.Aс-Сиси Мысыр Араб Республикасының Президенті болып сайланғаннан бері (26-28 мамыр 2014 жыл) елде терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Солтүстік Синай провинциясы аумағында антитеррорлық операциялар режимі енгізілген. Мысырдың тұрақты қарулы күштері лаңкестікке қарсы ауқымды операциялар жүргізуде. «Мұсылман бауырлары» бірлестігінің жасырын жасушаларын ашу бойынша Мысыр ІІМ күштері белсенді жедел-іздестіру іс-шараларын атқаруда.

Қылмыс:

Мысырда әлеуметтік-экономикалық ахуалдың асқынуы салдарынан елдің кейбір қалалары мен аудандарында жеке заттар мен ақша ұрлау фактілері кездеседі. Алайда, қылмыстың бұл түрінен жекелеген жағдайлардың тіркелгені болмаса, ол жалпылама сипат алмаған.

Елдің әртүрлі аудандарына бару:

Бейтаныс аудандарға барудан бас тартқан жөн. Туристік сапарға шықпас бұрын ашық ақпарат құралдарынан қосымша мағлұмат алған жөн.
Дәстүрлі туристік маршруттардан тыс бағытта күзетсіз саяхатқа шығуға рұқсат етілмейді. Ондай сапарға шықпас бұрын жергілікті билікпен кеңесу қажет. Тарихи ескерткіштер мен басқа да орындады кәсіби құралдарды пайдалана отырып, бейне таспаға түсіру Мысыр құзыретті органдарының міндетті түрде рұқсаты мен келісімін алуды талап етеді.

Сіздің құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған жағдайдағы іс-әрекеттеріңіз:

Елшіліктің Консулдық бөлімімен немесе консулға хабарлау үшін шетелдік мекеменің коменданттық қызметімен шұғыл байланысу қажет. МАР Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен сөйлесу кезінде шыдамдылық пен ұстамдылық таныта білу қажет. Консул келгенге дейін кез келген хаттамалар мен құжаттарға қол қоюдан бас тарту керек.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктер:

Мысырда жергілікті көлік жолдарымен жүрудің өз ерекшеліктері бар. Негізгі жол, жол бер, екінші дәрежелі жолдардың жалғасуы және т.б. жол белгілері жоқ. Түнде жеке көлікпен жүрмеуге кеңес беріледі. Мысыр жүргізушілері түнде жарықты жақпай жолда тоқтап тұра береді, сондай-ақ жарықсыз да жүруі әбден мүмкін.

Отынның негізгі түрлері:

2016 жылғы 20 қарашаға дейінгі ахуал бойынша АИ-92 жанар-жағар майдың 1 литрінің бағасы 3,5 мысыр фунтын, ал АИ-95 - 6,25 мысыр фунтын құрайды (1 АҚШ доллары = 17,4 мысыр фунтына тең).

Автотұрақ орындары:

Арнайы белгіленген орындардағы автомобиль тұрағының құны 2-3 сағатқа орташа есеппен 10-15 мысыр фунтын құрайды.

Жол салығын төлеу қажеттілігі:

Мысырдың негізгі автомагистралдарында жүру тегін. Бірқатар бағыттар бойынша қосалқы ақылы тас жолдары салынған (сапасы жоғары, жылдамырақ жүруге мүмкіндік береді, жүру ақысы 5 мысыр фунтын құрайды).

Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі:

Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу жыл сайын Мысыр Ішкі істер министрлігімен автомобильдер құжаттарын тіркеу / ұзарту кезінде жүзеге асырылады.

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Мысыр заңдарына сәйкес, қазақстандық жүргізуші куәлігі МАР аумағында жарамсыз деп саналады.

Автокөлік құралдарын жалға алу:

Мысырда автомобильдерді жалға алу шарттары мен оған қажетті құжаттар:
-паспорт;

-халықаралық үлгідегі жүргізушінің куәлігі (қазақстандық көлік жүргізуші куәлігінің Мысырда заңды күші жоқ екеніне назар аударамыз);
- несиелік карта (карта жоқ болған жағдайда келісім бойынша ақшалай кепілдік қалдырылады).
Төлем ақысын қолма-қол ақшалай төлеуге болады.
Автокөліктерді жалға алғанда көптеген кеңселер оларды толықтай сақтандырылған күйде бермейді.

Жол-көлік апатына ұшыраған жағдайдағы сіздің іс-әрекеттеріңіз:

Міндетті түрде Консулға немесе коменданттық кезекшіге телефон соғыңыз. МАР Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен сөйлескен кезде әдеп сақтап, ұстамдылық таныта білу қажет. Консул келгенге дейін қандай да бір хаттамалар мен құжаттарға қол қоюдан бастап тартқан жөн. Құжаттарды мұқият қарап, барлық хаттамалар арабша жазылғандықтан, аудармашының көмегіне жүгіну керек. Осы ретте оқиғаға қатысты құжаттар араб тілінде толтырылатындығын ескертеміз. Күнделікті өмірде кішігірім жол оқиғалары ІІМ қызметкерлерінің қатысынсыз-ақ реттеле береді.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қалыптасқан мінез-құлық ережелері:

Мысыр зайырлы мемлекет болып табылады, дегенмен халықтың шамамен 90%-ын мұсылмандар құрайтындықтан, басқа конфессия өкілдерінен тұратын қонақтардың (әсіресе әйелдерге) діни қасиетті орындарға барғанда киім киюмен және жүріп-тұрумен байланысты қалыптасқан тәртіпті сақтағандары жөн.

Қолайсыз жағдайға түсіп қалмас үшін:

- жергілікті тұрғындарға достық және құрмет таныту;

- жергілікті халықпен байланыста сабырлық тантып, дөрекілік көрсетпеу, дауыс көтермеу, намысына тимеу,;

- жергілікті салт-дәстүрлерді қадірлеу;

- қоғамдық жерлерде ішімдік ішпеу қажет.

Түрлі қылмыстар үшін берілетін жазаның түрлері:

Мысырда әдетте қарулы күштер өкілдерінің, армия элитасының, Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің және басқа қауіпсіздік құрылымдарының орны ерекше. Кей жағдайларда олар қызметтік міндеттерін асыра пайдаланады, қажетсіз жерде қару қолданады.

Халықаралық ережелерге сәйкес, Мысырда көлік жүргізушілеріне жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл қарастырылған. Жол қозғалысының ережелерін бұзған жағдайда сізді полиция тоқтатпауы да мүмкін. Әдетте автомобиль жолдарында ереже бұзған көліктердің нөмірлерін жазатын полиция қызметкерлері тұрады.

Болу елінің отбасылық заңнамасы:

МАР Конституциясының ережелеріне сәйкес, Ислам - мемлекеттің негізгі діні, ал шариғат - ел заңнамасының негізгі көзі саналады. Отбасылық және неке қарым-қатынастарына (ажырасу, қамқорлыққа алу, мұраға қалдыру) қатысты сот істері мұсылмандық құқыққа негізінде жүргізіледі. Осыған байланысты некеге отырған шетелдік азаматша (мұсылман дінін қабылдамаған) некесін бұзу барысында алимент, мұрагерлік және материалдық өтем ақы алу құқығынан толықтай айырылады. Бірақ та мысыр заңнамасына сәйкес, ажырасқаннан соң ортақ балалары 15 жасқа дейін анасымен елде тұруға құқылы, ал олардың елден шығуына тек әкесінің жазбаша берген келісімінен кейін рұқсат етіледі.

1975 жылғы «Азаматтық туралы» Мысыр Заңына сәйкес, мысырлық азаматтан туған бала, оның қай жерде туылғанына қарамастан, Мысыр азаматы болып есептеледі.

Шетелдіктердің ел аумағынан жылжымайтын мүлік сатып алуының жергілікті заңдарда қарастырылуы:

Мысырда шетелдіктерге жылжымайтын мүліктің барлық түрлерін сатып алуға рұқсат беріледі. Жылжымайтын мүлікті жеке басына тіркеу, аудару құжаттары Әділет министрлігіне қарасты нотариалдық конторалармен іске асырылады.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіпті аурулар:

Мысырдың ыстық климаты жағдайында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында:

- жемістер мен көкөністерді антисептикалық сабынмен жуу;

- су, сүт және шырындарды фабрикада қапталған күйінде сатып алу;

- қоғамдық орындарда қайнатылмаған су, табиғи шырындар,тазаланбаған жемістер, көкөніс және жеміс-жидек салаттарын, жемістер, балмұздақ, тағамдық мұз және кондитерлік тағамдардан аулақ болу қажет.

Уланып қалған жағдайда қолдану үшін өзімен бірге белсендірілген көмір алып жүрген жөн, сонымен қатар, суық тиген жағдайда, тұмау және жөтелгенде өзіңіз әдетте қолданатын дәрілерді қабылдаған дұрыс. Балалар ағзасының қоршаған ортаға сезімтал келуіне байланысты мұны әсіресе балаларымен бірге сапарда жүрген саяхатшылар басты назарда ұстауы тиіс.

Медициналық қызмет көрсету ерекшеліктері:

Мысырға кіргенде қолыңызда медициналық сақтандырудың болғаны жөн. Сондай-ақ, емханада емделген жағдайда қажетті қаражатыңыздың болғаны дұрыс.

Егу:

Ресми түрде Мысырға сапар шегу үшін ешқандай анықтаманың, егудің қажеті жоқ. Алайда, бұл елде маса безгегін жұқтырып алу қаупі жоғары. Аталмыш ауру дене қызуының көтерілуімен, бастың ауруымен, беттің қызаруымен және ісінуімен және еріннің ісінуі немесе оған ұшық шығуымен көрініс береді. Әдетте ауру үш күнге созылады, кейде менингитке ұласып кетуі мүмкін. Сапар алдында екі ай бұрын жасалған егу ғана 100 пайыз аурудан сақтануға кепілдік береді делінеді.

Гепатит А - Мысырда өте көп таралған аурулардың бірі. Бұл вирусты жұқтырып алудың қаупі жоғары; қолды дұрыс жумау немесе жуылмаған жемісті жеу аталған вирусты жұқтыруға жеткілікті. Аурудың зардаптарының қиындығы сол, ауырған адам бір бойы ауыр диетаға отыруы және арнайы препараттарды қабылдауы тиіс. Гепатит А-ға қарсы иммунитті Мысырға саяхат жасардан 2-3 апта бұрын вакцинация алу арқылы қалыптастыруға болады.

Медициналық сақтандыру:

Медициналық сақтандыру мәселесі бойынша туристік агенттікпен хабарласу қажет.

Жедел медициналық көмек:

Жедел жәрдем телефондары:

жалпымысырлық— 123;

Хургада (қосымша) - 065-344-47-74;

донорлық пункт - 065-354-67-40;

Шарм аш-Шейх (қосымша) - 069-366-04-25;

донорлық пункт - 069-366-16-25.

Жедел ветеринарлық көмек:

Елде ветеринарлық көмек көрсету дамыған, үлкен қалаларда бірқатар клиникалар қызмет жасайды. Әдетте, тәулік бойы көмек көрсетілмейді.

Қосымша мәліметтер:

Бизнес климат:

Мысырға шетелдік инвестицияларды енгізу тәртібі Инвестицияларға кепілдіктер беру және ынталандыру туралы 1997 жылғы № 8 Заңмен реттеліп, жүзеге асырылады. Іс жүзінде инвестицияға қатысты барлық сұрақтармен Инвестиция және еркін аймақтар бойынша Бас бюро (GAFI) айналысады. Оған орасан зор өкілеттік берілген. Ол инвестициялар саласына қатысты заңдарды зерттеп, олар жөнінде өз пікірін білдіріп отырады. Елдің қажетіне қарай инвестиция тартуды қажет ететін қосымша салаларды ұсынады. Инвестициялық жобалар дайындап, оларды қарастыруға береді және ілгері жылжытып іске асыру процессіне де қатысады.

Инвестициялық мәселелер бойынша даулар мен келіспеушіліктер ұлттық инвестор объектілерінің Мысыр мемлекетімен жасалған халықаралық шарттарға сәйкес, (1971ж. №90 заңына сәйкес) дауларды реттеу Конвенциясы немесе арбитражды сотта шешіледі. Мысырда шетелдік инвестицияларды салуға ашық салалар мыналар: өнеркәсіп, жоғары технологиялар (бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі), инфрақұрылым, көлік, мұнай және газ, денсаулық сақтау және тұрғын үй құрылысы.

Қажетті телефондар:

полиция: 122

жол полициясы: 128

туристік полиция: 126

жедел жәрдем: 123

өрт сөндіру тобы: 125

өрт сөндіру қызметі: 180

Басқалар:

Теміржол, сапаржайлардың және әуежайдың қала орталығынан қашықтығы, олармен көлік қатынасы:

Каир әуежайы қала орталығынан 30 км. қашықтықта орналасқан.

Теміржол вокзалы қаланың орталық ауданында орналасқан: Рамзес алаңының жанында.
Каир қаласының түрлі аудандарында сапаржайлар (бағыттар, көлік түрлері және т.б. бойынша) жұмыс жасайды.