Атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу

Адамның атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды ҚР-дың шет елдегі мекемесі он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді. Өтініште келесі мәлімет көрсетілуі қажет:

  • өтініш берушінің аты-жөні, әкесінің аты;
  • таңдаған аты-жөні, әкесінің аты;
  • аты-жөнінің, әкесінің атының ауыстырудың себебі.

Өтінішке қоса беріледі:

  • -өтініш берушінің туу туралы куәлігі;
  • өтініш берушінің неке қию туралы куәлігі, егер ол некеде тұрса;
  • егер азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелсе, бала асырап алу туралы куәлік немесе әкелікті анықтау туралы куәлік;
  • егер көрсетілетін қызметті алушы некенің бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, неке бұзу туралы куәлік;
  • екі фотосурет.
Қажетті жағдайда өтініш берушінің аты-жөнінің, әкесінің атының ауыстыруы өтінішіне байланысты себептерді дәлелдейтін құжаттар сұратылады.
Қосылған : 21.04.2017, 11:50, Өзгертілген : 21.04.2017, 15:55