ҚР азаматының паспортын айырбастау туралы ақпарат

ҚР азаматының паспортын айырбастауға құжаттарды тапсыру үшін өтініш білдірушінің жеке өзі келуі қажет Консулдық бөлімге келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге екі данада тапсыруы керек:

- Өтініш – 2 дана;

- Туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі – 2 дана;

- ҚР азаматы паспортының түпнұсқасы және көшірмесі (жеке деректері, Францияда ТТ шыққандығы туралы ҚР ІІМ таңбасы); қазақстандық студенттер үшін – ЖОО-да оқып жатқандығы туралы университет анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі; Францияда аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары үшін – еңбек келісім-шартының түпнұсқасы мен көшірмесі. Аталған құжаттарды қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен бірге тапсыру қажет – 2 дана;

- Сізге Францияда тұрақты тұруға құқық беретін болу мемлекеттің құзыретті органдары берген тұрақты тұру рұқсатының түпнұсқасы және қазақ және орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы – 2 дана;

- Неке қию туралы куәліктердің түпнұсқасы және көшірмесі – 2 дана. Егер неке қию Францияда болса, онда «Apostille» мөртаңбаның, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті – 2 дана. Егер Францияда неке қиюға байланысты паспорт айырбастау жаңа тегіңізге жасалатын болса, онда неке қию туралы куәлігіне қазақ немесе орыс тілінде расталған тегі ауыстырылғандығын дәлелдейтін отбасы кітабының үзіндісінің түпнұсқасы мен көшірмесі қосымша тапсырылуы қажет – 2 дана;

- 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі. Егер аталған құжатты француз құзыретті органдары берген жағдайда, онда «Apostille» мөртаңбаның, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті – 2 дана;

- фотосурет 3,5х4,5 – 4 дана. Құжаттарды Консулдық бөлімге тапсыру кезінде сурет өтініш білдірушінің жасына сәйкес келуі керек, тура алдынан жарық фонда күлкісіз түсірілген, бейнеңіз 75%-тен кем болмауы қажет;

- Консулдық алым 40 еуро болады.

Қосылған : 20.04.2017, 18:50, Өзгертілген : 20.04.2017, 18:50