Қайтыс болу туралы куәлігі

ҚР азаматтарының шет елде қайтыс болу туралы куәлігін беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 28 тарауымен жүзеге асырылады.

ҚР азаматтарының шет елде қайтыс болу туралы куәлігін рәсімдеу үшін, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. белгіленген өтініш формасы (8-қосымша);
  2. қайтыс болу фактісін растайтын құжат (түпнұсқа);
  3. арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Қосылған : 21.04.2017, 18:50, Өзгертілген : 21.04.2017, 13:45