Қазақстанға қайту куәлігін алу туралы

Францияға уақытша сапарға шығып, ҚР паспортын жоғалтып алған Еліміздің азаматтары Қазақстанға қайту куәлігін алу үшін Консулдық бөлімге өтініш білдіруі қажет.

Өтініш білдіру үшін жеке өзі келіп, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • Консулдың атына құжаттың жоғалу себебін көрсете отырып, Қазақстанға қайту куәлігін беру туралы еркін үлгідегі өтініш -1 дана;
  • белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама - 1дана;
  • ҚР паспорт немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
  • ҚР паспорттың ұрланғандығы/жоғалғандығы туралы полиция учаскесінің анықтамасы;
  • фотосуреттер 3,5х4,5 – 2 дана.
Қосылған : 20.04.2017, 18:50, Өзгертілген : 20.04.2017, 18:50