Қонсулдық алымдар

Француз Республикасында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері

Р/с №

Консулдық әрекеттердiң атауы

Мөлшерлемелер (еуромен)

1

2

3

1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу

1.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу

40 еуро

2.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазбаны енгізу

15 еуро

2. Қазақстан Республикасының визаларын беру

3.

Шетелдiк дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге виза беру туралы нотаны әзірлеу және басып шығару

15 еуро

4.

Бiр мәртелік виза және оның мерзімін ұзарту (туристік және транзиттік визалардан басқа)

50 еуро

5.

Екi мәртелік виза және оның мерзімін ұзарту (туристік және транзиттік визалардан басқа)

70 еуро

6.

Yш мәртелік виза және оның мерзімін ұзарту (туристік және транзиттік визалардан басқа)

90 еуро

7.

Көп мәртелiк виза және оның мерзімін ұзарту:



бір жылға дейін

170 еуро

екі жылға дейін

250 еуро

үш жылға дейін

350 еуро

8.

Туристік виза:

бір мәрте 30 күнтізбелік күнге дейін

35 еуро

екі мәрте 60 күнтізбелік күнге дейін

50 еуро

үш мәрте 90 күнтізбелік күнге дейін

65 еуро

9.

Транзиттік виза:

бір мәрте

30 еуро

екі мәрте

60 еуро

үш мәрте

70 еуро

10.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келу және отбасымен бірігу туралы қолдаухатын ресiмдеу

75 еуро

3. Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру

11.

Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру

10 еуро

4. Шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу

12.

Шетелге жеке iстері бойынша барған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұрақты тұруға қалу туралы қолдаухаттарын ресiмдеу

220 еуро

5. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу

13.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтiру туралы қолдаухатты ресiмдеу

120 еуро

14.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы қолдаухатты ресiмдеу

220 еуро

6. Азаматтық хал актілерін тiркеу

15.

Тууды, әке болуды анықтауды, бала асырап алуды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру

30 еуро

16.

Неке қиюды тіркеу және неке туралы куәлiк беру

30 еуро

17.

Неке бұзуды тіркеу тiркеу және неке бұзу туралы куәлік беру

50 еуро

18.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзуды тіркеу

30 еуро

19.

Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) және ұлтын өзгертумен байланысты жағдайлардан басқа, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) және тегін өзгерту туралы құжаттарды ресiмдеу

40 еуро

20.

Азаматтық хал актілері жазбаларының өзгеруі, толықтырылуы, түзетілуі және қалпына келтірілуімен байланысты құжаттарды ресімдеу

30 еуро

7. Құжаттарды талап ету

21.

Құжаттарды талап ету (әрбiр құжат үшiн)

30 еуро

8. Құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостиль қою үшiн құжаттарды қабылдау және одан әрi жолдау

22.

Құжаттарды заңдастыру (әрбiр құжат үшiн)

50 еуро

23.

Апостиль қою үшiн құжаттарды қабылдау және одан әрi жолдау(әрбiр құжат үшiн)

30 еуро

9. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

24.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру

80 еуро

25.

Мұраға құқық туралы куәлiктер беру

80 еуро

26.

Ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру

50 еуро

27.

Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру

40 еуро

28.

Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады (әрбiр құжат үшiн)

40 еуро

29.

Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру

40 еуро

30.

Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру

40 еуро

31.

Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру

40 еуро

32.

Құжаттар берiлген уақытты куәландыру

30 еуро

33.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру

40 еуро

34.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

40 еуро

10. Консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау

35.

Өсиетхатты консулдық мекемелерде сақтау

80 еуро

36.

Консулдық мекемеде өсиетхаттан басқа құжаттар пакетiн сақтау (айына)

15 еуро

37.

Мұраға қалдырылғандарды қоспағанда, ақшаны, бағалы қағаздарды сақтау (ай сайын)

жалпы соманың 0,2%-ы

11. Көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату

38.

Көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату

түскен соманың 1%-ы,

бiрақ 45 еуродан кем емес

12. Алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау

39.

Алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау (ай сайын)

жалпы соманың 0,2%-ы

13. Заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық пошта арқылы құжаттар жіберу

40.

Заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық пошта арқылы құжаттар жіберу

80 еуро

14. Кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру

41.

Кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру

50 еуро

15. Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру

42.

Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру

50 еуро

16. Шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау

43.

Шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау

50 еуро

17. Заңдық мәні бар басқа да құжаттар (анықтамалар) беру

44.

Заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру

30 еуро

Қосылған : 20.04.2017, 18:30, Өзгертілген : 20.04.2017, 14:50