Қонсулдық есеп

Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының келесi санаттағы азаматтарын есепке алуды жүзеге асырады:

1) Консулдық округ аймағында тұрақты тұрып жатқандарды;

2) Консулдық округ аймағына уақытша келгендердi.

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;

2) болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;

3) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау болып табылады.

Тұрақты консулдық есепке тұру үшін Қазақстан Республикасының Париж қаласындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Еркін нысандағы өтініш;

2. Мөлшері 3х4 сантиметр бір түсті фотосурет;

3. Жеке басты куәландыратын тіркеу карточкасы (түпнұсқа және көшірме);

4. Толтырылған есепке алу карточкасы.

Уақытша консулдық есепке тұру үшін Қазақстан Республикасының Париж қаласындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1. Еркін нысандағы өтініш;

2. Мөлшері 3х4 сантиметр бір түсті фотосурет;

3. Жеке басты куәландыратын тіркеу карточкасы (түпнұсқа және көшірме);

4. Толтырылған есепке алу карточкасы.


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің сайтында консулдық тіркеуді онлайн жасауға болытынын қосымша хабарлаймыз.

Қосылған : 17.04.2017, 12:25, Өзгертілген : 17.04.2017, 12:25