Құжаттарды заңдастырылу

Шетелде құжаттардың заңдастырылуымен Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері айналысады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • 1.еркін нысандағы өтініш;
  • 2.көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме);
  • 3.консулдық заңдастыруға жататын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • 4.консулдық төлем-ақыны төлегенiн растайтын құжат;
  • 5.құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшін);
  • 6.сенімхат (өтініш білдіруші келе алмаған жағдайда).

Қазақстан Республикасының аумағында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден келiп түскен жағдайларда, консул ондай құжаттар мен актiлердi олардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында Консулдық қызмет департаментіне жiберуге тиiстi. Ойдағыдай жауап берiлген жағдайда, консул аталған құжаттар мен актiлердi жалпы тәртiпке жүгiне отырып заңдастырады.

Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актiлердiң болатын мемлекеттiң заңнамасына iс жүзiндегi сәйкестiгi жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, консул ресми түсiндiрудi алу үшiн консулдық аймақтың билiк орындарына сұрау салу жасайды.

Қосылған : 17.04.2017, 12:40, Өзгертілген : 17.04.2017, 13:50