Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлігі

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлігін беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 28 тарауымен жүзеге асырылады.

Некені бұзу ерлі-зайыптылардың бірлескен келісімі бойынша, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын негізінде тіркеледі. Кәмелетке толмаған балалары болған кезде сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. белгіленген өтініш формасы (4-қосымша);
  2. арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  1. белгіленген өтініш формасы (5-қосымша);
  2. арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. некені бұзу жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;
  4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. белгіленген өтініш формасы (5-қосымша);
  2. арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. сот үкімі жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;
  4. неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Қосылған : 21.04.2017, 19:50, Өзгертілген : 21.04.2017, 14:45