Францияда оқып жатқан қазақстандық азаматтардың назарына

Құрметті студенттер!

Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің Консулдық бөлімі Францияда оқуға келген Қазақстан Республикасының азаматтары уақытша консулдық тіркеуге тұруды өтінеді.

Осы мақсат үшін, қоса берілген тіркеу карточкасын толтырыңыз және consulatps@mfa.kz электронды адреске жіберіңіз.

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;

2) болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;

3) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің сайтында консулдық тіркеуді онлайн жасауға болытынын қосымша хабарлаймыз.

Ізгі ниетпен,

Француз Республикасындағы

Қазақстан Республикасының

Елшілігінің Консулдық бөлімі

Қосылған : 20.04.2017, 18:50, Өзгертілген : 20.04.2017, 17:50