Тұрақты тұруға қалдыру сұрақтары

Уақытша сапарға шығып, Францияда тұрақты тұрып қалуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған

АҚПАРАТ

Еліміздің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан жеке шаруаларымен шығып, сол жерде тұрақты тұрып қалуға ниет білдіргендер ҚР құзыретті органдарынан тиісті рұқсат алу үшін құжаттарын ҚР шетелдік мекемелеріне тапсырулары қажет.

Францияда ТТҚ-ға құжаттарды тапсыру үшін Сізге алдын ала консулдың қабылдауына жазылуыңыз қажет және келесі құжаттар тізімін екі данада тапсыру керек:

1. Консулдың атына Францияда тұрақты тұрға қалдыру туралы еркін нысанда өтініш;

2. Шетелдік паспорттың түпнұсқасы және өзекті ақпараттары бар беттерінің көшірмесі - 2 дана;

3. ҚР азаматының жеке куәлігінің түпнұсқасы ЖСН-мен бірге немесе осы құжат тиісті органдарға өткізілгендігі туралы анықтама - 2 дана;

Егер Еліміздің азаматының жеке куәлігі жоғалып немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болса, өтініш білдіруші жазбаша түрде түсініктеме беру қажет.

4. Әскери билеттің түпнұқасы және көшірмесі немесе осы құжат тиісті

органдарға өткізілгендігі туралы анықтама - 2 дана;

5. Еңбек кітапшасының түпнұсқасы және көшірмесі - 2 дана;

6. Толтырылған сауалнама көшірмесімен бірге (сауалнаманы толтыру барысында жақын туыстарыңыздың деректерін толық көрсету қажет (шешесі, әкесі, аға-інісі, әпке-сіңілісі, жұбайы, сондай-ақ неке айырылысқан болса да), олардың Қазақстандағы, сонымен қатар шетелдегі мекенжайлары, Қазақстаннан шыққан күні) - 2 дана;

7. Фотосурет 3,5х4,5 - 2 дана;

8. Сізге Францияда тұрақты тұруға құқық беретін болмыш мемлекеттің құзыретті органдары берген тұрақты тұру рұқсатының түпнұсқасы және қазақ және орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы – 2 дана;

9. Заң бойынша Сізден алимент алуға құқылы Қазақстан Республикасында тұратын тұлғалардан Сіздің шығуыңызға қарсылықтары жоқ екендігі жөніндегі нотариалды түрде куәландырылған өтініштері (ата-анаңыздың немесе егер бірлескен некеден кәмілетке толмаған балалары болса, бұрынғы жұбайыңыздың/зайыбыңыздың және т.б.). Өтініш білдіруші қандай да бір себебтермен мұндай өтінішті ала алмаса, бұл сұрақ сот арқылы шешіледі немесе қосымша қайтыс болу туралы куәліктің түпнұсқасын 2 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет;

10. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматын ата-анасының біреуімен бірге қалдыру барысында (қамқоршы, тәрбиеші) ҚР аумағында тұратын басқа ата-анасының нотариалды түрде куәландырылған келісімі қажет. Кәмілетке толмаған баланың шығуына қатысты ата-анасының біреунің келісімі болмаған жағдайда, бұл сот арқылы шешіледі. Соттың шешімін куәландырыу қажет. Қосымша некені бұзу туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін немесе қайтыс болу туралы куәліктің түпнұсқасын 2 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет;

11. Егер ата-анасының біреуі ТМД аумағында болып, Сізбен бірге кәмілеттік жасқа толмаған балалар қалған болса, онда баланың Францияда тұруына жазбаша түрде оның келісімін тапсыру қажет, егер бала 10 жастан үлкен болса, оныңда куәландырылған жазбаша келісімі қажет. Егер ата-анасының біреуінің келісімін алу мүмкін болмаса, оның себебін жеке өтініште толық көрсету қажет. Сондай-ақ балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқасын және 3 дана көшірмесімен бірге тапсыру қажет;

12. Сіздің туу туралы куәлігіңіздің түпнұсқасы және көшірмесі - 2 дана;

13. Неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы және 2 дана көшірмесі. Аталған құжатты француздық құзыретті мекемелер ресімдеген жағдайда, «Apostille» мөртаңбасы, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы 2 дана болуы міндетті;

14. Консулдық алым 220 еуро болады;

Қосылған : 20.04.2017, 15:55, Өзгертілген : 20.04.2017, 15:55