03.04.2019 Катар мемлекеттік тау-кен компаниясы қазақстандық кен орындарына 50 миллион доллар инвестиция құюы мүмкін

Катар мемлекеттік тау-кен компаниясы қазақстандық алтын мен мыс өндірдетін кен орындарында инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қазақстанға алғашқы сапары аясында араб инвесторлары еліміздің алтын, мыс және басқа да шикізат тауарлар саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеді. Qatar Mining Қазақстандағы тау-кен жобаларына 10 миллионнан 50 миллион долларға дейін қаржы салуды жоспарлап отыр. Негізгі инвестициялық критерийлері - өндіріс кезеңіндегі немесе дамыған және зерттелген кезеңіндегі тау-кен жобалары.

Кездесу барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Катар компаниясына кез келген мәселелер бойынша көмек көрсететінін айтты. Атап айтқанда, инвесторлар жергілікті әріптесті анықтауға және салалық мемлекеттік органдармен диалог орнатуда қолдау алады.

«Біз Kazakh Invest компаниясымен кездестік, олар бізге талаптар мен логистика мәселелері бойынша үлкен қолдау көрсетті және біз кездескен кейбір тау-кен компаниялары туралы толық ақпарат берді. Менің ойымша, Kazakh Invest бұл елде біз үшін мықты әріптестер. Біз Kazakh Invest компаниясымен қарым-қатынастарды нығайтамыс», - деді «Qatar Mining» Басқарма төрағасы Халид Ахмад Аль-Обаидли.

«Инвесторлар өздері қатысқысы келетін қызықты жобаларды тандаған кезде, біз өз мандатымызға сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан бірыңғай келіссөзші ретінде жұмыс істейміз, оларды тіркелу процесінде, іске асыру үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдерді алып, инвестициялық жобаны іске асыруға қажетті барлық қолдау көрсетеміз», - деп түсіндірді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Алмас Агибаев.

Бүгінгі күні «Qatar Mining» компаниясы екі ірі жобаны іске-асырды, олардың бірі Суданда кен орындарын барлайтың еншілес компаниясы. Қазіргі уақытта жоба мыс-алтын порфирді кен орындарын барлау жұмыстарын жүргізу кезеңінде. Ал екіншісі – Алжирдегі металлургиялық зауыт.

Ақпарат дереккөзі: www.invest.gov.kz

Қосылған : 3.04.2019, 18:00, Өзгертілген : 3.04.2019, 18:00