05.04.2019 Қазақстанда алғашқы индустриялық сертификатты машина жасау саласындағы ШҚО кәсіпорны алды

4 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы, салалық сарапшы – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» өкілі және ШҚО әкімдігі Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жетекшісінің орынбасары қатысуымен кәсіпорынға тексерілім жүргізілді

Индустриялық сертификат – өндірушіні тауар, жұмыс және қызметті отандық өндірушілер тізіліміне енгізу туралы куәлігі болып табылады. Оның қалыптасу ережелері бизнес-қоғамдастықпен бірге әзірленген. Өндірушіні тізілімге енгізу қайтарымсыз негізде ерікті түрде жүзеге асырылады.

Басты назар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті жүйесінде аккредиттеуден өткен сәйкестікті растау бойынша органдар беретін сәйкестендіру сертификатына, сериялық өндіріске аударылады.

Салалық қауымдастықтармен мақұлданған сарапшылар тиісті база, жабдық, өндіріс технологиясы және өндірістік қуаттың болуын анықтау мақсатында кәсіпорынға тексеру жүргізеді.

Кәсіпорынды тексеру кезінде делегация жабдық және зауыттың қызметінем танысты.

«АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамы индустриялық сертификатты алуға өтінім берген Қазақстандағы алғашқы машина жасау кәсіпорны болды. Индустриялық сертификатты алу кәсіпорынға тауар, жұмыс және қызметті отандық өндірушілердің тізіліміне енуге мүмкіндік береді. ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, индустриялық сертификатты беру – кәсіпкерлерге отандық тауар өндірушілерді қорғауға бағытталған қолдау көрсету шараларын күшейту.

«Өндірісті ұйымдастыруда авто өнеркәсіп саласында әлім көшбасшыларының тәжірибесін қолдандық. Кәсіпорында «Спектр» бірегей өндірістік жүйесі жұмыс істейді, жүйе арқылы тиімді және сапалы өндірісті құруға, әр қызметкердің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Біз өндірісті автоматтандыру және цифрландыру бойынша үлкен жұмысты жүргізіп жатырмыз, үнемі жетілдіріп, замануи технологиялар дамуын бақылаймыз», – дейді «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ерік Сағымбаев.

Осының бәрі кәсіпорынды қарау кезінде байқалды, өндіріс шын мәнінде жаңа жабдықпен қамтылған, мұнда қызметкерлердің сапалы менеджменті, білікті кадрлар бар. Кәсіпорын қызметкерлерін конвейерде орналасқан бірегей аудиторияда оқытады.

Кәсіпорынды қарау – бұл сәйкестікке тексеру процедурасы. Қазіргі таңда «АЗИЯ АВТО» АҚ батыс стандарттарына сай 1 конвейер және 5 бекетті тізбек арқылы автокөліктердің 27 моделін шығарады. Өңдірістің көлемі биыл 120 миллиардты құруы қажет, бұл көрсеткіш Қазақстанның машина жасау өндірісі көлемінің 10 пайызына тең. «АЗИЯ АВТО» АҚ индустриялық сертификатты алуға лайық деп санаймыз», – деді Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Өмірсерік Ержанов.

Қазіргі таңда бұл кәсіпорын машина жасау саласында көшбасшы, бірқатар мемлекеттік сыйлықтар мен наградалардың иегері.

«ЕАЭО, Дүниежүзілік сауда ұйымымен бірігу шеңберінде отандық өндірушілерді қолдау маңызды. Бұл бағытта «АЗИЯ АВТО» алғашқы болып, Шығыс Қазақстан облысынан өтінім берді. Шын мәнінде бұл еңбек өнімділігі мен қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттырып отыратын лайықты өндіріс. Тауардың сапасы да жоғарылап, автомобильдерге деген сұраныс та артып отыр. Бұл автомобильдер шығыс өңірдің ғана емес, елдің өзіндік брендіне айналып келеді. Индустриялық сертифкатты алу өндірушінің квазимемлекеттік секторында және мемлекеттік секторындағы сатып алуларын ұлғайтады деген сенімдеміз. Осылайша өндіріс көлемі артып, өнім ассортименті кеңееді», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Жақын арада Шығыс Қазақстан облысында индустриялық сертификатты алуға тағы 10 кәсіпорын өтінім береді деп күтілуде. Олардың қатарында – «СемАЗ» АҚ, «Силумин-Восток» ЖШС, «Кэмонт» АҚ, сонымен қатар «ASTANA Ютария ltd» Өндірістік Инновациялық компаниясы» ЖШС, «DD21» ЖШС сынды елордалық кәсіпорындар бар.

Ақпарат дереккөзі: www.atameken.kz

Қосылған : 5.04.2019, 15:00, Өзгертілген : 5.04.2019, 15:00