Шарттық-құқықтық негіз

Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы шарттық-құқықтық негіз

Бүгінгі күнге Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында ынтымақтастықтың түрлі бағыттарында 70 құжатқа қол қойылған.

Олардың ішінде:

4 мемлекетаралық шарт:

- Қатынастардың негізі туралы шарт, 01.06.1993 ж.,

- Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт, 17.09.1996 ж.,

- Бостандығынан айрылған тұлғаларды азаматтары болып табылатын мемлекетте қылмысын өтеу үшін беру туралы шарт, 17.09.1996 ж.,

- Қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе өкімді орындау үшін қылмыс жасаған тұлғаларды беру туралы шарт, 17.09.1996 ж.;

2 мемлекетаралық мәлімдеме, оның ішінде:

- Экономикалық қатынастар негіздері туралы мәлімдеме, 17.09.1996 ж.,

- Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы мәлімдеме, 11.11.1997 ж.;

1 мемемлекетаралық келісім – Қазақстанның Жоғарғы кеңесі мен Грузияның Парламенті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім, 01.06.1993ж.;

2005 жылдан бергі екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын қамтитын 32 үкіметаралық келісім:

- Лаңкестікке, заңсыз есірткі мен психотропты заттар айналымына, ұйымдасқан қылмысқа және басқа түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім, Астана, 31.03.2005 ж.

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім, 03.10.2005 ж.

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Үкіметі арасындағы халықаралық көлік қатынасы туралы келісім, Астана, 06.03.2007 ж.

- Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Грузияға сапарының қорытындылары бойынша Үкімет басшыларының 1 коммюникесі, Тбилиси, 22.10.1998 ж.;

12 хаттама, оның ішінде:

- 2 үкіметаралық хаттама, 01.09.1993 ж. және 11.11.2004 ж.,

- Үкіметтік делегациялардың кездесулерінің хаттамасы, 22.10.1998 ж.,

- 1996 жылғы 17 қыркүйекте қол қойылған құқықтық көмек, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы шартқа Хаттама, 31.03.2005 ж.

- Сыртқы істер министрліктері арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы хаттама, 01.06.1993 ж.,

- 1996 жылғы 17 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа хаттама, Астана, 31.03.2005 ж.
Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 4.01.2019, 10:00