Экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы экономикалық ынтымақтастық

ҚР статистикалық көрсеткіштері бойынша, Қазақстан мен Грузия арасындағы екіжақты тауар айналымы 2018 жылдық 11 айында 81,5 млн. АҚШ долл. құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 68% ұлғайып отыр. Экспорт көлемі 50,9 млн. АҚШ долл. болса (62,8% өскен), ал импорт көлемі - 30,6 млн. АҚШ долл. (8% өскен) құрады.

Қазақстан мұнай шикізаты мен мұнай өнімдерін, астық, макарон өнімдерін, темір және болаттан жасалған прокат экспорттайды.

Қазақстанға жүзім шарабы, су, оның ішінде табиғи және жасанды минералды, қара металдан жасалған трубалар мен профильдер, жаңғақ импортталады.

Екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және басым бағыттарды анықтаудың пәрменді құралы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия болып табылады.

Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы инвестициялық өзара ықпалдастық Грузия экономикасына салынған қазақстандық инвестиция көмегімен жүзеге асырылуда. Ұлттық компаниялар қатарында негізгі инвесторлар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» ҰК АҚ, «Халық-банк» АҚ бар.

Бүгінгі таңда тұрақты әуе қатынасын қазақстандық және грузин әуекомпаниялары жүзеге асырады: «Air Astana» Алматы-Тбилиси-Алматы бағыты бойынша аптасына 5 рет, Астана-Тбилиси-Астана бағытымен аптасына 4 рет, «SKAT» компаниясы Ақтау-Тбилиси-Ақтау бағытымен аптасына 5 рейс және Ақтау-Батуми бағытымен аптасына 3 рет ұшады. «Georgian Airways» әуекомпаниясы 2017 жылдан бастап жаз маусымында Астана-Батуми бағыты бойынша тұрақты рейс аптасына 1 рет және Астана-Тбилиси бойынша аптасына 1 рет қатынайды.

2012 жылы Қазақстан мен Грузия туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазақстан Грузияға келетін туристер саны бойынша алғашқы ондыққа енеді.
Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 20.02.2019, 10:00