27.02.2019 «Қазақтелеком» және Ericsson 5G NR бірлесіп сынақтан өткізуге ниетті

«Қазақтелеком» және Ericsson Қазақстанда радиоқатынаудың 5G технологияларын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою Барселонада Mobile World Congress 2019 халықаралық көрмесінде өтті.

Осы өзара іс-қимыл жасау меморандумының шеңберінде тараптар бірлесіп, бағдарламалық-анықталатын желіні және желілік функцияларды (SDN/NFV - Network function virtualization) цифрлық трансформациялау және виртуалдандыру, оператордың желілік және есептеуіш сервистерін виртуалдандыру үшін инфрақұрылым салу (Telco Cloud технологиясы) мүмкіндігін зерделеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасында 5G желілерін бірге тестілеудің мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отыр.

5G технологияларын пилоттық енгізу бағдарламасы 2019-2021 жылдарға есептелген және 5G пайдаланудың түрлі сценарийлерін тестілеудің үш кезеңін көздейді, оның ішінде тіркелген-сымсыз қатынау (FWA), жақсартылған кеңжолақты мобильді байланыс (eMBB) және машинааралық өзара әрекеттесу (mMTC). Сондай-ақ бағдарламаның шеңберінде 5G түрлі сегменттерін – радиоқатынау (vRAN) және топтамалық ядро (5GC) желілерін – техникалық іске асыру мүмкіндіктері тексеріліп, виртуалдандыруға тест жүргізілетін болады.

"Қазақтелеком" АҚ инновациялар жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Мейірмановтың айтуынша, компания бұлтты байланыс тораптарының нақты инфрақұрылымын құруда және нақты инфрақұрылымды, SDN/NFV және мультисервисті-мультидоменді оркестрацияны виртуалдандыруды қоса алғанда, бағдарламалық құралдарды күшейтуді қолға алуда. "Ericsson компаниясымен ынтымақтастық алдыңғы қатарлы 5G NR шешімдеріне қол жеткізуге, сол арқылы 5G пилоттық тестілеу бағдарламасында анықталған 5G сервистік сценарийлерін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Көбінесе қолданыстағы шешімдер 5G NR болып табылмайды, олардың орнына бізге стандартқа дейінгі шешімдерді (5GTF) немесе 4G мүмкіндіктерін кеңейтетін шешімдерді ұсынады. Сондай-ақ әзірге өндірушілер дәстүрлі жабық амал-тәсілді ұстануда, әсіресе бұл радиоқатынау желілерінде байқалады. Ол біздің бұлтты телеком-қызметтер провайдері болып қалыптасту жолымызда кедергілер тудырып, қазіргі таңда жасалып жатқан бұлтты байланыс тораптарының әлеуетін іске асыруға шектеу қоюда. Ericsson компаниясымен бірлесуден біз жетілген 5G NR шешімдері арқылы тестілеу кезеңінің өзінде ашық және дараланған, телеком-бұлтымыздың стандартты серверлерінде бағдарламалы түрде іске асырылуы барынша ықтимал 5G шешімдерін құру мүмкіндігіне қол жеткіземіз деп есептейміз", – деп атап өтті қол қою барысында Н. Мейірманов.

Қол қойылған құжаттың бір тармағы 5G технологиясындағы миграция тәжірибесімен алмасу болды. Қазақстандағы Ericsson вице-президенті, бас директоры Айдын Абжанбековтің айытуынша, қазіргі уақытта компания әлемнің түрлі елдерінде 5G технологиялары негізіндегі шешімдерді коммерциялық пайдалануға енгізуде және Орталық Азияда инфрақұрылымды жаңғырту бойынша мол тәжірибеге ие.

«Қазақстанда біз жақсы коммерциялық әлеуеті бар мейлінше перспективалық шешімдерді пайдаланатын боламыз. Зерттеулер аяқталғаннан кейін «Қазақтелекомға» 2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңге 5G тестілеу бағдарламасын ұсынамыз. Сонымен қатар біздің мамандарымыз SDN/NFV технологияларын пайдалану арқылы виртуалдандыру және түрлі байланыс тораптарын қалыптастырудағы тәжірибесімен бөлісе алады»,– деді А.Абжанбеков.

Үш ай ішінде Ericsson мамандары технологиялық бейтараптық деңгейін, сондай-ақ «Қазақтелекомға» тиесілі жиілік ресурстарын пайдалану тиімділігін, желілердің қамтылу деңгейі мен сыйымдылығын талдап, IoT және т.б. технологияларды пайдалану мүмкіндігін зерттейді деп жоспарлануда, мобильді және тіркелген байланыс желісіне FWA ықпалын қарастырады, сондай-ақ желі тораптары мен миграция үдерісін жеңілдету мүмкіндіктерін зерттейді.

Анықтама үшін:

«Қазақтелеком» - Қазақстан Республикасының ең ірі телекоммуникация операторы. Тіркелген телефон байланысы, кеңжолақты қатынау, ақылы цифрлық телевидение қызметтерін, инновациялық қызметтер мен сервистер ұсынады. Компания еліміздің барлық аумақтарын қамтиды, 250 сервис орны, 17 дата-орталық пен байланысу орталықтарынан тұратын меншікті желіге ие. Тіркелген телефон байланысы, кеңжолақты қатынау, ақылы цифрлық телевидение қызметтерін, инновациялық қызметтер мен сервистер ұсынады. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, IoT, smart city, smart home және т.б технологиялар бойынша перспективалық бағыттарды белсенді дамытып келеді.

Ericssonшвед компаниясы, телекоммуникация жабдығын өндіруші. Байланыс операторларына арналған технологиялық шешімдер мен кәсіби қызметтерді ұсынатын дүниежүзіндегі ең ірі жеткізушілердің бірі. Әлемдік мобильді трафиктің 40% жуығы компания желісі арқылы өтеді. Ericsson ұсынатын қызметтер шоғыры желілерді, цифрлық қызметтерді, басқарылатын қызметтерді және дамитын бизнестерді қамтиды; 5G және IoT платформаларында жұмыс жасайды.

5G New Radio (5G NR) технологиялары

Мобильді технологияларға деген өспелі талаптарды қанағаттандыру мақсатында 5G үшін 5G - 5G New Radio (5G NR) жаңа радио деген ортақ атаумен біріктірілген технологиялар әзірленді. 4G желілеріндегі радио-интерфейспен салыстырғанда, 5G NR-де бірнеше маңызды артықшылық бар – модуляцияның ең жаңа технологиялары, толқын пішінінің қалыптасуы (waveforms) және RAT (Radio Access Technology) радиоқатынау технологиялары пайдаланылады. Олар деректер берудің жоғары жылдамдығы мен 5G пайдаланушылық құрылғылары батареяларының қызмет ету мерзімін ұзартуды қамтамасыз етеді.

Ақпарат дереккөзі: www.telecom.kz

Қосылған : 27.02.2019, 09:00, Өзгертілген : 27.02.2019, 09:00