Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2006 жылғы 24 қарашада Тбилисиде «Жолайрық: Қазақстан-Грузия» атты мәдени фестиваль өткізілді. Фестиваль барысында «Көшпенділер» фильмі көрсетіліп, фотокөрме ұйымдастырылды, шығармашылық ұжымдардың концерттері мен «Қыз Жібек» мюзиклы қойылды.

2007 жылғы 1-5 шілдеде Астанада «Грузин мәдениеті күндері» болып өтті. Грузин делегациясын (170 адам) Тбилиси қаласының мэрі Г.Угулава бастап барды.

2008 жылғы қыркүйекте Цинандалиде «БТА банк» қаржысына жабдықталған И.Чавчавадзе атындағы мұражай ашылды.

Қазақ саясаткері және публицисі Мұстафа Шоқайдың 1919 жылғы қыркүйектен 1921 жылғы наурызға дейінгі Тбилиси және Батумиде тұрған кезеңі зерделенуде.

Астана мен Тбилиси, Шығыс Қазақстан облысы мен Мцхета-Мтианети, Маңғыстау облысы мен Аджария арасындағы өңіраралық байланыстарды дамытуға маңызды назар аударылады.

Қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы, спорт және мәдениет министрліктері арасындағы қатынастар дамытылуда.

2014 жылғы 14 тамызда Астанада Қазақстан және Грузия ұлттық футбол құрамалары арасында жолдастық матч өткізілді.

2015 жылы Тбилиси және Батуми қалаларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Белгісіз Қазақстан» атты фотокөрме өткізілді.

«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылғы 7-9 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының Тбилиси қаласындағы гастрольдері өткізілді.
Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 4.01.2019, 10:00