АТОМ жобысы 29 тамызда бір минут үнсіздікке шақырады

АТОМ жобасының Құрметті елшісі Карипбек Куюков: «Әлемдегі барлық адамдарды жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 11.05-те бір минту үнсіздік сақтауға шақырамыз» деді. «Осы уақытты таңдауымыздың себебі дәл сол мезгілде сағат тілдері латын V әрібін көрсетіп, Жеңіс белгісін (латыншадан “Victory”) меңзейді. Ол ақыл-ойдың қорқыныштың алдындағы жеңісінің және барлық әлемнің ядролық қарусыздану саласына қосқан күш-жігерінінің жемісінің белгісі болатынына сенім артамыз», деді Куюков. 

Бұрын, Астанадағы конференцияда Президент Назарбаев: «Жаһандық қоғамдастықты оған түбегейлі және түпкілікті тыйым салу жөнінде неғұрлым батыл іс-қимылдарға итермелеу үшін біздің ядролық сынақтардың қайғылы зардаптарын тағы да әлемнің есіне салуға мүмкіндігіміз бар», деп жариялады. «Жоба аясында, әлемдік көсбасшыларын ядролық қару сынақтарын мүлдем тыйым салуға шақыра отырып, ядролық қару сынақтарын тоқтату шартының күшіне енуін тез арада қамтамасыз етудің жолымен, ядролық қаруға қарсы барлық адамдар онлайн петицияға қол қоя алады. Конференцияның қатысушыларын, барлық адамзатты өз еркімен АТОМ жобасын қолдауға және ядролық қарусыз әлем құру ортақ мақсатымызға айналдыруға  шақырамын».

«29 тамыздағы Халықаралық үнсіздік минутасы әлемді бір қадам болса да, мұратына жақындай түсетініне сенемін», деді ядролық сынақтардың зардабын шеккен екінші буыннан шыққан қолы жоқ суретші Куюков.

Қосылған : 15.08.2019, 10:00, Өзгертілген : 15.08.2019, 10:00