Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевты Грузия басшылары құттықтады

Грузия Президенті Саломе Зурабишвили мен Грузия Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе Казақстанның жаңа сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Өздерінің жолдауларында олар өзара құрметтеу, сенім және ықылас қағидаттарына негізделген екі ел арасындағы достық қатынастардың одан әрі кеңейе және нығая түсетініне сенім білдірді.

Қосылған : 13.06.2019, 10:00, Өзгертілген : 13.06.2019, 10:00