Туған күніңмен, Нұр-Сұлтан!

6 шілде күні Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі. Еліміздің бас қаласы - Нұр-Сұлтан өзінің 21 жылдығын тұңғыш рет жаңа есіммен қарсы алуда.

Жиырма жыл ішінде әлемдік қоғамдастықта кеңінен танымал ел брендіне айналған қала Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ие болды. Жаңа астананы құрудың бастамашысы, оның шабытшысы мен бас сәулетшісі ретінде саналатын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы елорда атауының жаңа атын бекітуді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған.

Еліміздің бас қаласы тарихындағы күндер нумерологиясы да Елбасының тағдырымен тығыз байланысқан. 1994 жылғы 6 шілдеде, өзінің туған күнінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі алдында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы батыл бастама жасаған. Сол кезде, бұл идеяның шынайылығына сенген аз адам болған, дегенмен, Елбасының батылдығы мен көрегендігі тиісті тарихи шешім қабылдауға мүмкіндікке ие болды.

Бұл өте батыл идея болды, оған қол жеткізу тәуелсіз Қазақстанның құрылысындағы жаңа кезеңнің - мықты әрі гүлденген және халқымыздың осы мақсатқа жету төңірегінде шоғырлануының бастауы болуға тиіс арман. Жаңа елорда - әлемге өз күшіне деген терең сенімін паш ететін және Қазақстан халқының шексіз мүмкіндіктерін бейнелейтін жоба.

Елдің бас қаласында Еуразия орталығында заманауи қала құрылысы және сәулет идеялары, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен меритократия қағидаттарына негізделген басқарудың жаңа стилі іске асырылуы тиіс болды. Бүгінгі күні мұның барлығы табысты жүзеге асырылуда. Елордамызда көптеген әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелер шешілді, экономиканың жаңа салалары қалыптасып, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі мен өмір сүрудің қолайлы ортасы қамтамасыз етілді. Қала табысты дамып келуде, әсіресе жастар, бизнес, инвесторлар мен туристер үшін тартымды әлеуетке айналды.

Осы жылдар ішінде Қазақстанның жас астанасы Еуразия құрлығында маңызды дипломатиялық хабқа айналды. Ірі халықаралық саммиттер – Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, ЕАЭО, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технологиялар жөнінде және т.б. саммиттер өткізілген тиімді диалог алаңына айналды. Сириядағы жағдайды реттеу бойынша «Астана процесі» жүргізілуде. Сондай-ақ елордамыз «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізудің иесі болды. Оған қоса, Нұр-Cұлтан «Астана» Халықаралық қаржы орталығы арқылы маңызды өңірлік қаржы орталығына қарқынды түрде айналуда.

Дәстүрлі түрде Астана күні қарсаңында ел басшылығының атына шет елдерден көптеген құттықтау жеделхаттар келіп түсуде, онда қаланың одан әрі табысты дамуына және халқымыздың әл-ауқатының өсуіне, бейбітшілік пен гүлденуге жылы тілектер бар.

Өз кезегімізде, біздің Министрлік елордамызға және барша қазақстандықтарға серпінді даму, бақыт пен береке тілейді.

Қосылған : 6.07.2019, 10:00, Өзгертілген : 6.07.2019, 10:00