«Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының байланыс орталығы туралы

«Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының байланыс орталығы


            Құрметті отандастар!


           «Отандастар қоры» КЕАҚ ҚР Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген тапсырмасын орындау шенберінде «қоғамдық орындарын» құру жобасы іске асырылуда, оның шенберінде отандастар мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы, сондай-ақ оралмандар-репатрианттарды жеке қабылдауды жүзеге асыратын қоғамдық қабылдау орындары жұмыс істейді.   

            Бірыңғай байланыс орталығы келесі ақпаратты бере алады:

  • Виза мәселесін түсіндіру;
  • Қазақстанда мәдени, ұлттық, спорттық шаралар туралы ақпарат;
  • Туристтік мақсатында Қазақстан туралы, оның тарихы, көркемдік сипаты, курорттық аймақтар туралы ақпарат;
  • Қазақстанда туыстарына уақытша тұру тәртібін түсіндіру;
  • Көші-қон картасын ресімдеу, оралман мәртебесін алу, тұруға рұқсат. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібі;
  • Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы, мүгедектігі туралы, үкіметтің көпбалалы отбасыларға берілетін жеңілдіктер туралы ақпараттары;
  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына, білім беру мекемелеріне, оқуға түсуге ниет білдірген жастарға, емтихан тапсырудың тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат беру;
  • Оралмандарға арналған оқу квотасы туралы сенімді ақпарат беру т.б.

     

            Сізді қызықтыратын кез келген сұрақтар бойынша мына байланыс нөмірлерімен хабарласуға болады:

            1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін)

            8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін)

           +7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін , халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен)

            8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарламалар үшін)

            E-mail: komek@oq.gov.kz

            Skype:komek@oq.gov.kz

Қосылған : 29.07.2019, 09:00, Өзгертілген : 29.07.2019, 09:00