Елші

ТЕМІРБАЕВ ВИКТОР

Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі


1967 жылғы 16 шілдеде Павлодар қаласында (Қазақстан) туған.

1986-1988 жылдары мерзімді әскери қызметтен өтті.

1993 жылы Мәскеу электрондық машина құрылысы институтын радиоинженер-конструктор мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы.

1993 жылдан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істейді.

1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, Мемлекеттік протокол басқармасының атташесі.

1994-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.

1999-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Халықаралық қауіпсіздік және қарулануды бақылау басқармасының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы.

2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы.

2006-2007 жылдары Алматыдағы АӨСШК Хатшылығының Саяси бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының өкілі.

2007-2009 жылдары «Қазына» АҚ-ның Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының орынбасары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның Корпоративтік даму департаментінің директоры.

2010-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі.

2018 жылғы тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Ағылшын және испан тілдерін меңгерген.

Дипломатиялық дәрежесі: ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

Үйленген, 4 баласы бар.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 19.09.2018, 10:30